Оқушыларға
Тәуелсіздік - ел тұғыры
Тәуелсіздік бұл-бұрыңғы атам заманның аңсаған жеңісі. Қаны тамған қара жерін, кесірлерден сақтап қалуға тырысқан батырларымыздың, ерен еңбегінің арқасында біз осындай Тәуелсіздікдеген құдіретті сөзді ұялмай айта аламыз.
Еліміз осыншама жылын біреулерге тәуелділікпен өткізіп, қаншама зардаптар шекті. Жеңісті аңсап, ұйқыларын төрт бөлді. Көп жылын осындай бір қиындықта өткізседе, халқымыз еш мойымады. Еңселерін түсірмеді. Осы орайда елеміздің мықтылығын, басына қара бұлт төнседе тайсалмайтындығын айтқым келеді.
16 желтоқсан-еліміздің тәуелсіздік алып, таққа отырған кезі. Міне, осы кезден бастап, туымыз желбіреп көк аспанға көтерілді. Халқымыз күткен жеңіске қол жеткізді. Тыныш орнап, одан әрмен жандана түсті.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан—ата-бабамыздың сарғая күткен шұғылалы арманы орындалды десек қателеспейміз. Еліміз үшін жан тынбаған батырлардың ерен-еңбегінің арқасында, осындай ел болып, дамыған елдердің қатарында отырмыз. Тәуелсіздікке ауыз біршілігі мол, ынтымағы жарасқан елдер ғана қол жеткізетінін айқын көрсете білді. Еліміз дами түсіп барлық қырынан өзін толық көрсете алды. Білім, ғылым, медицина жақтарынан өзінің қарқынды дамуын барша жұртқа дәлелдеді.
Осы жасалған істің бәрі тәуелсіз Қазақстанның жемісі. Әр азамат өзінің туған жерін, елін мақтан тұта білу керек. Туымызды әрі қарайда желбіретіп, еліміздің басын тік ұстай білейік.
Балашбек Аяулым Мұратқызы
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің 1-інші курс студенті.