23 Қараша, Сенбі

Оқушыларға

Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі






Мен өз мамандығымды жақсы көремін

«Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі» демекші, өмірде екі нәрседен қателеспеген жөн. Оның бірі — өмірлік жар таңдау болса, екіншісі — мамандық таңдау. Жас жеткіншектердің мамандық таңдауда қателеспегені өте маңызды. Ал мен болсам қызығы мен қиындығы мол, ізденіс пен табандылықты талап ететін журналистика мамандығын таңдаған болатынмын. Бала кезімнен бері кітап оқуға құмар болдым. Кітап оқу барысында оқиға желісін суреттеген жазушылардың көркем тіл шеберлігіне қызыға отыра , журналистикаға деген махаббатым жыл сайын ұлғая берді. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне тәнті болдым . Сонымен қатар, елі қуанса, бірге қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды жазушылар мен ғұламалардың арқасында менің қызығушылығым одан сайын артып, журналист боламын деген арманыма тағы бір қадам жақындай түстім.

Мамандық таңдаудың маңызды талаптарының бірі - сен таңдаған мамандықтың қоғамға қажеттілігі. Ал журналистер төртінші биліктің иесі, билік пен халық арасындағы алтын көпір. Журналисттердің бармайтын елі, аспайтын тауы мен жері жоқ. Олар- қоғамның үні мен қоғамның көзі. Бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатым: ой еркіндігі мен сөз бостандығына қол жеткізу.

Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» дегендей , адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Журналист мамандығының қоғамға қажет екені сөзсіз. Мен таңдаған мамандық менің жарқын болашағым боларына кәміл сенімдімін.