22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Алтын күз






Семей қаласы
Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім
беретін мектептің 9 «А» сынып оқушысы
Мұратхан Алина

Күз – ол төрт мезгілдің бірі. Күзді төрт мезгілдің ең әдемісі, ең алтыны деп айтуға болады. «Алтыны»-, деп атып отырғаным, ол кезде айналанын бәрі сары түске боялғандай болып көрінеді. Күзде түн ұзарып, күн қысқарады. Күз айлары суық болады. Жиі-жиі жаңбыр жауып тұрады. Күз мезгілін адамның көңіл-күйімен теңестіруге болады. Себебі, күз мезгілі де адамның көңіл-күйі сияқты құбылмалы болып келеді. Әрбір адамның өз табиғатына сай мезгілі болады.

Күздің келгенін ауа-райының бұзылуынан бірден сезіп, білуге болады. Күн табиғатты аз жылытып, табиғат қысқы ұйқыға дайындала бастайды. Ағаштағы қурап бара жатқан жапырақтар желдің күшімен жерге түседі. Жапырақтар түстерге өте бай: қызыл, сары, қызғылт. Тура бір жерге алтын кілем төселгендей болады. Кейбір адамдар жеміс-жидектерін жинап жатса, біреулер өз ауласын түскен жапырақтардан тазартуда. Бұл жерден адамдардың қызу еңбек үстінде екенін көреміз. Себебі, диқаншылар да егіс даласында дән жинап жатса, ауыл адамдары болса, қысқы отындарын жинауда. Ал жануарларға келетін болсақ, қоян, қасқыр сияқты жыртқыш жануарлардың жүндері сол уақытта қалың бола бастайды. Құстар жылы жаққа ұшудың қамын ойластырып, дайындалады. Жәндіктер азайып, гүлдер солып қалады. Дегенмен, күздің сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрбір мезгіл өз ерекшеліктерімен көркемделеді. Осы жерге Абай атамыздың «Күз» өлеңін қосып, кетсем:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай...

Өлеңінде жылдың төрт мезгілінің бірін суреттейді, басқа өлеңдер сияқты үлкен ақындық шеберлікті таныта отырып, табиғат көріністеріне қоса отырып, ауылдың күнделікті өмір тұрмысын қарапайым түрде, ешқандай әдемілемей, әдейі әсірлеусіз сипаттайды. Аспанда қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, суреттеу арқылы көшіп қонған ауылдың тіршілігін оқырманның көзіне елестетеді. Жарыса шапқылаған тайлар, үйірінен қашқан жылқылар, қоршалап тұрған биелер – осылар да мал ұстап, баққан халықтың тұрмыс - тіршілігінің көрінісі. Қарап тұрсам, өлеңде күз мезгілінің немесе тіршіліктің қарбалас сәтін, және де қазақтардың тіршілігінде күз мезгілінің ерекшелігін көруге болады. Өлеңді толықтай талдап қарасақ, ақын онда табиғатта не болып жатқанынан гөрі, көбінесе халықтың тұрмыс – жағдайын, тіршілігін көп қамтығанын біліп, көре аламыз. Енді Қалқаман Сариннің «Күз бен біз» атты өлеңін талдап кетсем:

Қыс та келді. Тайды тағы Күз серттен.

Қар жауып тұр күйге ұласып біз шерткен.

Қара жердің айғыз-айғыз келбеті,

Қара қойдың терісіндей тұз сепкен.

Өлді мезгіл, жете алмастан арманға аз,

Өзгермеген тек тәкәппар Тау маңғаз.

Қар астынан жылытады жанымды,

Кеше ғана күзге өкпелеп қалған Жаз.

ҚаҺарлы қыс, қаталсыз-ау, кекшілсіз...

Көңілдерден қоңыр мұным көшті үнсіз.

Қара аспаннан аппақ ұлпа жаудырған,

Қалдық ұрдым Құдіретке еш мінсіз!

Жанарыңда жылт-жылт етіп шық күміс

Ай, қараша, қауысты күш, үтті кұш!...

Бұл өлеңде ақынның көңіл-күйі, адамгершілік, иманды, мейірімді жағы, мұраты мен арман-мақсаттары да табиғатпен жақсы үйлесімді көрініс тапқан. Дәлірек айтқанда, көңіл-күйін, іңкәр көңілін табиғат құбылысымен ұштастырып көрсе, кірбің ұялатқан, алаңдаған күзбен, қыспен теңестіреді. Табиғаттың әдемілігі адам өмірінің, ішкі өрісінің барлық жағын салыстыруға, сезімдерінің барлық жағын астарлауға, іңкәрлікпен жеткізуге қорғаныс бола алады. Әйткенмен де, ақынның табиғат поэзиясындағы өлеңдерінің барлығы осы мақсатты орындай алмаған еді. Ақынның жазу даралығы да, қайталанбас мықты шеберлігі де, табиғи дарыны мен ақындық жағында астарлы поэзия шыңдап тұр. Ақын тынысын өз жанымен сезініп, толғануда өзінің ішкі сезімдерін қоса отырып, лиризмнің ішкі иірімдеріне жан бітіре қоса отырып, жырлағанын көре аламыз.

Менің осылардың бәрін қамтыған ойыма келсек, мен күз мезгілін жақсы көремін. Себебі, мен өзімді күзде тура бір байлық пен молшылық келетіндей сезінемін. Осылай айтып отырғанымның себебі, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс-жидектер піседі. Дастарханымыз түрлі-түрлі астарға толы болады, және де күзде қыс мезгіліне дайындалу істері басталады. Сондықтан да адамдар да, жануарлар да, құстар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды. Күз ол тек молшылық пен байлықтың кезеңі ғана емес, шаттықтың, мереке-берекенің де кезеңі. Күзле мерекелер көп. Қоңыр күздің алғашқы күні барша мектепке баратын оқушылар үшін «Білім күні» мерекесі. Сондай-ақ «Алтын күз», «Ұстаздар күні», «Қарттар күні», «Тілдер күні» мерекелерінің бәрін тойлаймыз. Күзде жапырақтардың құлағанының сыбдыры, жауын-шашынның тамшыларының дыбысы өте жақсы естіледі. Жауын-шашын жауған кезде терезе алдында ыстық шай ішіп, тамсанып қарағанға не жетсің. Айналаның бәрі ашық түстерге ие болады. Осының бәрі табиғатқа рең беріп, ерекшелеп тұрады. Табиғатқа қарасаң, көзін тоймай қарай бергін келіп тұрады.

Қорытындылай келсем, күз қоңыр болса да сәттілікке толы, жақсы күндерімен өзіне адамды баурап алады. Өкінішке орай, бірақ осы алтын түстің уақыты ұзаққа созылмайды, содан кейін суық әрі жаңбырлы ауа-райының уақыты басталады. Бұл серуендеуге ыңғайсыз және керемет ләззат ала алмайсың. Күз уақытында біз соңғы жылылықты көре аламыз. Күздің әр келуі бүкіл адамды өзінің сұлулығына, әдемілігіне ғашық қылдырады, ол оның табиғи түстерінің үйлесімі емес. Керісінше, жылы киінуге, дәмді шай дайындауға және табиғи сұлулықтан керемет ләззаталуға себепші болады. Абай Құнанбаевтің «Күз» өлеңінде, ақын оқырмандарға, көрермендерге халықтың тұрмысын, жағдайын, қандай күз мезгілі болғанын суреттеп, жақсы жеткізе алған.