23 Қараша, Сенбі

Оқушыларға

Мұнай-газ саласындағы терминдік сөз тіркестері құрылымының ғылыми сипаты






Смагулова Айгерім филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, Алматы қ.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап қазақ тілінің мәртебесін көтеру, дамыту, ғылым тіліне айналдыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазіргі күні қоғамның тілге деген талабы артып, мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің артуы, яғни оның қоғамдық қызмет аясының кеңеюі, тілдің ғылымның барлық салаларындағы белсенділігінің артуы тіл білімінде, оның түрлі салаларында шешімін таппаған мәселелердің, проблемалардың бар екенін көрсетіп отыр. Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі ғалымдар алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықтар жасаумен, білікті кадрларды көбейтумен, озық техникалық құралдармен жабдықтаумен шектелмейтіні белгілі. Бұл ретте тарихы беріден ғана басталған терминологияның тіл біліміне қосқан үлесі соншама мол болғанмен, бұл саладан да шешімін таппай жүрген мәселелер баршылқ. Сондай-ақ қоғамымыздың барлық салаларында енді ғана қолданысқа ене бастаған терминологияның проблемаларын жақсарту және жетілдіру айрықша маңызды.

Алайда кез келген теория мен практиканың сабақтастығы бір дағдыда, бір қалыпта қалмайтындығы белгілі. Тәжірибе үнемі жетіліп, шыңдалып отыратындығы белгілі.Сондықтан даму үстіндегі тәжірибе ғылыми тұрғыдан жаңа тұжырымдарды қажет етеді.Осы тұрғыдан қарағанда соңғы уақытта қазақ тілі терминологиясы дамыды, өсті, қолданымдағы тәжірибелер жинақталып, терминологияның жаңа міндеттері айқындала түсті.

Терминдер туралы қазақ тіл білімінде соңғы кезде түбегейлі зерттеу еңбектер көптеп жарық көруде. Олардың барлығына тоқталу бұл мақалада мүмкін емес. Терминологияның негізі осы ғылымның қалыптасуына зор еңбек сіңірген А. Байтұрсыновтың, Ы. Мамановтың, Р. Сыздықованың Б. Қалиевтің, С. Мырзабековтің, Ө. Айтбайұлының әр кезеңдерде жарық көрген ғылыми еңбектеріне, оқулықтары мен оқу құралдарына тікелей байланысты. Сонымен бірге белгілі ғалымдар Ә. Қайдар, Ө. Айтбайұлы, Құрманбайұлы Ш., еңбектерінде де терминологияның әрқилы мәселелері жан-жақты талданған, қарастырылған. Бұл мәселелер сонымен қатар газ-мұнай терминдері бойынша қорғалған кандидаттық диссертацияларда да айтылған.

Белгілі ғалым Айтбайұлы Ө. «Терминология ең алдымен тілдің арнайы лексикалық даму заңдылықтарын тексеретін ғылым саласы, сонымен бірге, ол ғылым мен техниканың жеке салалары терминдер жиынтығы»[1.] – деп нақтылайды; жалпы терминология мен салалық, оның ішінде мұнай терминдерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның табиғатына терең талдау жасау үшін әуелі жалпы терминология мәселесін, оның даму бағытын бағдарлап, қыры мен сырын түсініп алуымыз қажет. Термин жөнінде әр түрлі пікірлер бар екенін байқауға болады. А.А. Реформатский терминнің басты ерекшелігі туралы: «Термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылуы керек те, ал термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат» -дейп басты ерекшелігін анықтап көрсетсе [2.] , терминология мәселесін көптен бері зерттеп жүрген. О.С. Ахманова « Термин дегеніміз-арнайы ұғымдар мен заттарды белгілеу үшін жасалған сөздер мен сөз сөз тіркестері»-деген пікір айтады. В.Н. Прохорованың: «термин – бұл арнаулы қолданыс саласында ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дефенициясы бар сөз немесе сөздер тіркесі» [3.] –деп терминдерге берілген тұжырымдарды толықтыра түседі. Терминге берілген бұл анықтамалар олардың ой-тұжырымдарының ұқсастығын байқатады. Демек термин атқаратын функциясы мен қолдану өрісі бар сөздер мен тіркестері екен. Терминдер туралы ұсынылып жүрген анықтамалар әр түрлі болса да, түптен келгенде терминдер-белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика – сөз дер мен сөз тіркестер екен. В.П. Даниленко өзінің «Руская терминология»деген еңбегінде: « терминологиялық лексиканың өзіне ғана тән лингвистикалық ерекшелігіне байланысты мәселелерді тек лексика өмір сүретін табиғи орта-ғылым тілінің құрамында қарастырғанда дұрыс шешуге болады. Термин сөздері тек осы ортада ғана терминдік қасиетке ие болады, өзінің негізгі қызметінде –номинативті семасиологиялық функцияда жұмсалады, тек жеке ұғымның атауы бола алады, яғни терминдік моносемантизмнің жасалуына жағдай жасайтын бірден-бір орта ғылым тілі болуы қажет» дейді [4.]

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Айтбайұлы Ө. Қазақ терминорлогиясының дамуы мен қалыптасуы.-Алматы: Рауан, 1988 ж-201б.

2. Реформатский А.А.Что такое?