22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайлар кезінде студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуы






Тәуелсіз мемлекетімізде жастардың білім алуына және ғылыммен айналысуына барлық мүміндіктер жасалған. Бүгінгі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындары студенттердің сапалы білім алуымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуына да баса назар аударып отырғаны белгілі. Білім мен ғылым өзара тығыз байланысқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуын барлық уақытта қамтамасыз етіп, қадағалап отыру өте маңызды міндеттердің бірі. Мұнда студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына білікті ұстаздармен профессорлар жетекшілік етіп, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, жыл сайын ғылыми конференциялар мен байқаулар өткізіліп тұрады. Атап айтар болсақ, дәстүрге айналған студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы “Фараби әлемі” жыл сайын сәуір айында өтіледі. 3000нан астам кітап қоры бар кітапхана, интернет ресурстық орталығы, ғылыми зертхана студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына кеңінен мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда елімізде орын алып жатқан “короновирус ” індетінің таралуы жастардың ғылыми жұмыстармен айналысуына біршама кері әсерін тигізіп жатқаны сөзсіз. Себебі барлық кітапханалар мен ғылыми зерттеу орталықтары және мемлекеттік архивтер өз жұмысын тоқтатып, уақытша есіктері жабылған. 19-наурыздан бастап Қазақстандық студенттер қашықтық оқу жүйәсіне көшіп, онлайн сабақтар өтілуде. ҚазҰУ студенттері карантин кезінде “Үйде бол” ұранымен ғылыми жұмыстарын жалғастыруда. Төтенше жағдайға байланысты жыл сайын дәстүрге айналған VII Халықаралық «Фараби оқулары» жас ғалымдар конференциясы 2020-шы жылдың 6-9 сәуір аралығында онлайн түрде өтті. Елімізде электронды және цифрлы кітапханалардың жұмыс жасауы жас ғалымдарға мол мүмкіншәләктер беріп отыр. Атап айтқанда, ҚҰЭҚ (Қазақстан Ұлттық электрондық кітапхана), « ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың электронды қоры», «Әлемдік цифрлы кітапхана (World Digital Library), «Диссерациялық электронды кітапхана (РМК)», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасы». Қазіргі төтенше жағдайларға байланысты ҚазҰУ студенттері үйлерінде осы және басқада сайттар арқылы ғылыми жұмыстарын жалғастырып отыр және ғылыми жетекшілер үздіксіз қадағалап, жұмыстарды тексеріп, бағыт-бағдар беріп отырады. Студенттер ғылыми мақалаларын еліміздің және шет елдің ғылыми жұрналдарына жариялай алады.

Тарих, археология және этнология факультетінің 2-курс магистранты Ержанова Балнұр Ержанқызы

Ғылыми жетекші; PhD доктор Қошымова Ақнұр Оразгалиевна