24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Тұңғыш президент - ұлтының дара тұлғасы






Еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Н Ә. Назарбаев жалпыға ортақ ұлттық көшбасшы ретінде бірқатар жаңа әлеуметтік идеологияларды ұсынып, олардың жұмыс жасау механизмінің негізгі тетіктерін жүзеге асырып кетті.

Елбасы Қазақ халқына еліміздің тарихы және салт-дәстүрлері мен қазіргі жиырма бірінші ғасырдың, жаңа заманның тепе-теңдігіне негізделген қазақстандық модернизациялау бағдарламасының жүйелі көрінісін ұсынды. Ол керісінше тек қана тарихқа үңіліп өткенді ұстануға емес, сонымен қатар барлық жаңа нәрселерден, уақыт талабына сай жаңашылдықтардан кейін жүгірмеуге шақырады. Өйткені тарихи тамырларды елемей, шетелдік модельдерді соқыр ұстану мүмкін емес.

Тарихтан біз Н Ә Назарбаевтың қарапайым отбасынан шыққаны туралы білеміз. Өзінің еңбекпенен білімі арқылы ол үлкен жетістіктерге қолын жеткізеді. Өмірінде ол жиі жақсы адамдармен кездеседі. Осындай бір бақытты сәт — Дінмұхаммед Кунаевпен кездескені. Дінмұхаммедтің қолдауымен ол билікке келеді.

Қазақстанның хал-ахуалын көтеру үшін бірінші президент көп жобалар ұсынады. Сонын бірі — «Рухани Жанғыгy». Осы жобада халықтың жағдайы жақсаруына көп шешу жолдары көрсетілген. Білім саласына көңіл бөлінген. Білімге байланысты Абайдың, Әуезовтың, Жамбылдың, Құрманғазының еңбектерің атадан балаға жеткен ілімі деп қабылдауымыз қажет. Себебі, осындай ілімде, мәдениетте ұлттық кодтың мағынасымен парадигмасы бар. Осы жобада “Қазақстанда жүз жаңа есім” атты идеясы бар. Бұл жобаға жастар да енген еді. Мысалы, жастардың бірі — Назым Кенжетай, әскери фото-журналист. Оның фотографиялары үлкен көрмелерде Катар, Турция және кейбір Европа елдерінде де бар.

Әсіресе бұл жобада жастардың мәселелері жақсы қарастырылған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім шаңырағында “рухани жаңғыру” жобасына қатысты көптеген көп шаралар өткізіледі. Осындай шаралардың ұйымдастырушыларының бірі — тарих кафедрасының доценті, Қозыбакова Фатима. Университетiмiздiң профессоры Қозыбақова Фатима ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыбында филология және әлем тілдері факультетінің Шетел филологиясы мамандығы студенттері арасында конференция өткізілді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемге назарын аударатын елеулі істері көп. Бірінші Президенттің сыртқы саясатының арқасында біздің елімізді бүкіл әлем толерантты, бейбітшіл және ядорлы бомбадан өз еркіндігімен бас тартқан ұлы ел деп біледі.

Тұңғыш президент — Н Ә Назарбаев қазақ елінің дамуына айырықша үлес қосқан тұлғалардың бірі де бірегейі. Оның халқымыз үшін тер төге жасаған жұмыстарының маңызын жас ұрпаққа жеткізе білу — бәріміздің де парызымыз. Әлем жұртшылығына көрегенділігімен танылған елбасы. Қазақстанның денсаулық, білім, ғылым, спорт және мәдениет саласының дамуына ықпал ететін түрлі стратегиялық бағдарламалар қабылдады. Осындай бағдарламалардың арқасында Қазақстан дамыған отыз елдің қатарына қосылды. Н Ә Назарбаевтың есімі ел жадынан ешқашан ұмытылмайды.

Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих кафедрасының доценті

Кулумжанова Томирис Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті