22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Біз ұлттық идеологиямен даму кезеңінен кеш қалып қойғанбыз!






Кейде XXI ғасыр қазақ қасіретінің ең жоғарғы деңгейі секілді көрінеді де тұрады маған.Тозу үстіне тозып бара жатқандаймыз.Мемлекет тұрғысынан емес айтпағым, ұлт турасынан.

Ел аумағында ұлттық мəселер көп-ақ.Олар шешімін таппақ түгілі көп жағдайда қарастырылмайды да.Себеп: еліміз көпұлтты мемлекет.

Ел кінəні биліктен іздейді.Қатеміз осы...Мемлекет ретінде ел аумағында 130 дан астам этностың құқығын тең көріп ,мəртебесін бірдей етіп ұстау республикалық жүйедегі басшылықтың басты міндеті.Қысқасы, билік тарапынан іс жасау арқылы аз ұлтымыздың мəртебесін көтереміз деп шаңырағымызды шайқалтып алу қаупіміз бар .Сол үшін де лажсыз дəрменсіздігі үшін Үкіметке өкпелеуге болмайды.

Бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы демографиялық өсім.Бұл менің жаңалығым емес.Оны сонау 90- жылдардың басында Шер ағаң айтып кеткен.Шерхан Мұртаза Егемен Қазақстан беттерінде досы Камал Смайыловпен жазған хаттарында бүгінгі білгіштер жар салып айтып жүрген ел мəселелерін кеңінен қозғай келе түйкілді түйінді халық санының тым аздығымен тарқатады.Қазақтың санын көбеютуіміз қажет дейді.

Шерхан бұл тұжырамдарды Ататүрік саясатының жемісін тілге тиек етіп жасаған еді.Ал оның астары Ұлтшылдық.

Бірақ...бүгінде ұлтшылдық ұғымы əбден бұрмаланып бітті.Əлем ұлтшылдықтан қорқады .Енді қайтсін? Өздерін текті халықтың ұрпағымыз деп əлемді жаулауға ұмтылыс жасаған кешегі фашистік Германияның ісін кім ұнатты дейсіз?! Бұны əлемдік державалар кезінде ұлтшылдыққа теңестірген еді.Бірақ біздің айтпақ ойымыздың басқа сарында екендігін Қазақ ұлтшылдығы- парасатты ұлтшылдық деп Дос Көшімнің сөзімен білдірсек ше?Түсінер ме екен жаһан жұршылығы? Əй,қайдам...

Ел ішінде де бұл сөздің сиқы кеткен.Социолистік идиологияның сызы бар əлі. Ресми жиындарда , мерекелерде, ақпарат көздерінде ұлттық тұрғыда сөз айтылмайтын да сыңай танылып жүр.
Тіпті ұлтшылдық ұғымын патриотизммен , елжандылықпен алмастырылып жатыр.Ал бұлар бөлек - бөлек мағынаға ие .

Баспасөзге өлеңдеріңді жариялауға берсең ұлт жайында айтылған кейбір сөздер өзгертіліп басылатындығын да көзіміз көрді .Жəй ғана патриоттық өлең үшін осындай шаралар қолданылған сəтке куə болғасын көлемді мақала жазудан біртіндеп бас тарта бастайды екенсің.Ондай мақаланың басылмайтындығын да іштей сезесің.Себебі, онда отансүйгіш пен патриоттар емес ұлтшылдықпен ұлтшылдар көп емес пе !? Ал олар қашанда қоғамға ұнаған емес .

Қазіргі таңда экономикасын тұрақтандырып дамудың даңғыл жолына түскен елдердің тарихына үңілген болсаңыз бəрі дерлік ұлттық колориті арқылы дамыған.Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия секілді елдер олар.Ұлттық идеологияны XX ғасырдың өзінде- ақ енгізіп үлгерген.Бізде кезінде осыған ұмтылған едік :Алашордашылар кезеңінде.Бірақ оның соңы Сталиннің ұлы террорына алып келген болатын.

Тəуелсіз ел атанған тұста бұл бастаманы қайта көтеруге не жетіспейді?-деп дабыл қағатындар да бар.Меніңше, біз енді тым кеш қалып қойғандаймыз.Əлем елдері тұтастай жаһандану дəуірін бастан өткеріп жатқан тұста ұлттық идиологиямен даму мүмкіндігі тым төмен деңгеңде болып қала бермек.

Аманбек Нұрболат М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік унтверситеті. Журналистика 1 курс