Оқушыларға
Архелогиялық күнделігімнен үзінді
Қызылоpдa қaлacы, Үш тілде оқытaтын мaмaндaндыpылғaн cыныптapы бap дapынды бaлaлapғa apнaлғaн «Мұpaгеp» мектебінің
5 «L» cыныбының оқушыcы- Қуаныш Жанерке Бауыржанқызы
Жетекшіcі: Caйлaуовa Жaмиля Қaйpaтқызы тapиx пәнінің мұғaлімі
Мен Жанерке Бауыржанқызы атақты археолог болғым келеді. Менің ойымша бұл өте қызықты мамандықтардың бірі. Ендігі сәтте мен өзімнің қиялымнан туындаған, археологиялық сапарымнан сыр шертсем. Архелогиялық күнделігімнен үзінді. Мен әдеттегідей күнімді жаңа археологлиялық олжа табу мақсатымен ояндым. Бүгін мен үшін маңызды күндердің бірі, себебі бүгін біз Алматы облысынан сақ дәуірінің құнды жәдігерлерін, обаларын зерттеуге аттандық. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Деректерге сүйенсек бұл аймақтан б.з.б ІІІ-ІV ғасырларға жататын археологиялық олжа табылуы тиіс. Біз әріптестеріміз және Жәмиля Қайратқызымензерттеуді бастадық. Зерттеу барысындағы қуанышты әрі тосынға толы күніміз туралы баяндасам. Біздің зерттеуде тапқан қабіріміз тоналған болып шықты.Біз әрине мұңайдық, бірақ әр қайғының артында қуаныш болады. Кішкене уақыттан кейін, біз тағы бір бөлме таптық. Біз қатты қуандық.Ол бөлмеде адам денесі мен мыңдаған алтындар жерленіпті. Біз бұл керемет олжаны зерттеуге тапсырдық. Зерттеу бойынша бұл 17-18 жастағы «Алтын адам» болып шықты. Қазір «Алтын адам» Алматы қаласындағы музейде тұр. Бүгінгі күн ең керемет күндерімнің бірі болды... Бұл «егер мен археолог болсам»- деген, ойымнан туындаған оқиға болса да, ұлаң ғайыр жеріміздегі барша құнды жәдігерлер табылып, археологтардың жұмыстары нәтижелі болатындығына сенімдімін.