22 Қараша, Жұма

Оқушыларға

Мына сөздерді айтуды әдетке айналдырыңыз






Көңіл құлазыған сәтте айналамызды қара түнек қаптағандай күй кешеміз. Арман-мақсаттарымыздың күйрегенін сезінетініміз хақ. Егер күнделікті жаныңызға жылу сыйлайтын сөздерді айтуды жиілетсеңіз, өз жолыңызды айқындай аласыз.

1. Мен бақыттымын!

Бақыт - тек қана байлық емес, бақыт-жақсылыққа кенелу, бойыңызды құндылықтармен толықтыру.

2. Мен әр күніме шүкіршілік айтамын және Жаратушының құдіретін ұғына аламын.

Қиындықпен күресуге жігеріңіз жетпей ме?

Ауыртпалыққа қарсы тұра алмайсыз ба?

Күллі ғаламды алты-ақ күнде жаратқан Аллаһтан пана сұраңыз!

Көңіліңіз тасып, ерекше сезім кешірер болсаңыз, шүкір етіңіз. Жаратушының :Шүкір етсеңдер-арттыра беремін деген сөзін естен шығармаңыз.

3. Менің қолымнан бәрі келеді

Бұл сөз шынында да биікке бастайды, тағдыр сынақтарымен күресуіңізге көмегін береді. Егер сіз шын жүрегіңізбен мақсатыңыздың жүзеге асуына сенбейтін болсаңыз, еңбегіңіз далада қалады. Ойыңыз бен көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз.

4. Мені өрден итеру мүмкін емес!

Қазақ халқында Әрекет түбі-берекет деген ғибратты нақыл бар. Арманыңызды өміріңіздің бір бөлшегіне айналдырыңыз. Мейлі, өзгелер түрлі тосқауылдар қойып, жолыңызды бөгесе де-арманыңыздан таймаңыз. Негатив ойлаушылар-халық арасына сіңген жегі құрт секілді. Олардың жағымсыз әрекеттеріне көңіл аудармаңыз.

5. Мен әрекет етемін. Сынақтарды жеңемін

Өміріміздегі ең басты позиция осы! Сынақтар- жәй ғана шыңға шығудағы кедергі. Ойланып көріңізші, сынақтарсыз-ғұмырымызға тәжірибе жинақтап, қиындыққа тап болғанда өзімізді қайрай алмаймыз.

Сіз өз өміріңіздің құраушысысыз! Сол себепті әр күніңізді әсемдеңіз.

Аружан Самидин