22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Тәуелсіздік жолындағы – айбынды күрес






Өз ойымды Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікті ақылмен , ата-баба жолымен алдық» деген сөзімен бастағым келеді . 1991 жыл –бүкіл қазақ халқының жадында қалатын жыл ,себебі осы жылы біз егемен елді тәуелсіз Қазақстан атандық. Бәрі осы күнді қуанышпен,жасауратып еске алды, бірақ та осы ұзақ жолды қалай өткеріп тәуелсіздікке қалай жеткенімізді бәрі біле бермейді. Қазақстанның тарихының түбі терең, түп тамырымен баяғы ғасырларға тіреледі.Сол ұзақ жолдың бастамасы 1916 жылы басталады. Бұл жылы қазақ халқы Ресей үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шығады,оның себебі Ресей үкіметінің қазақ халқына қыспақтар жасап ,бес жүз мың қазақты дүниежүзілік соғысқа шықсын деп бұйрық береді, әрине қазақтар бұл бұйрыққа көнбей көтеріліске шығады.Осы кезде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов т.б Алаш зиялылары қазақ халқының басына төнген тағдыр соқтығысын өткеруге орасан зор ықпал етеді. Осы кезден бастап Қазақстанның тәуелсіздік жолында күресі басталады. Бұл жазған тарихи деректердің 10%-ы ғана шығар,себебі 1916 жылдың артында қанша хронологиялық даталар ,тарихи деректер сақталған. Мысалы «Алаш»партиясы тәуелсіздік ұғымын Қазақстанға алуға ықпал еткен партиялардың бірі.Бұл партияның негізгі мақсаты Ресей демократилық федеративтік республикасы құрамындағы қазақ автономиясын құру деп жариялайды.М.Дулатов «Қазақ»газетінде статья ,очерк, қазақтың ауыр халін сипаттайтын өлеңдерін жариялап ,шындықтың әнің шертеді. 1909жылы ең алғаш «Оян, қазақ» атты бостандықты тәуелсіздікті аңсайтыны жайлы жыр жинағы шығады. Оны замадастары «ұлттық манифест»деп атады. 1919 жылы Қазақстан аумағы түгелеге жуық азат етілді.1917жылы «Алашорда автономиясы» пайда болды,олардың басты мақсаты –мұсылман дінін енгізу, автономия құру, қазақтарға тиесілі жерлерді қайтару болды. Бұл тағы да бір қазақтардың сол кезде жеткен жетістіктерінің бірі. Қазақстан бұданда көп тарихи оқиғаларды бастан кещірді. Халқымыз қандай қиыншылықты көрмеді десеңші-ашаршылықты да көрді, соғыстың ащы-тұщысында көрді, адал адамдарға халық жауы атағы беріліп қуғынға немесе ату жазасына кесілді, бұның бәрі біздің тарих. Бұл оқиғалар үнемі біздің жадымызда болады. Осы оқиғаларды еске алсаң көзіңе жас келеді, ал егер қазір «Ақтабан шұбырынды», «Қазан төңкерісі», «Желтоқсан төңкерісі» т.б төңкерістерді-көтерілістер жайлы жазсам көз жасын ұстау мүмкін емес болар еді. Осы қиын-қыстау кезеңдерде қанша қазақ, өмірің жан пида етті. Сол кезде қазақтар ашаршылыққа ұшырамағанда қазақ халық саны жүз миллионға жетер еді. Әйтсе де, қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа зайырлы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі өмірдің жаңа парағын ашты. Дербес мемлекет болу біздің, сан-ғасырлық арманымыз, бірақ осы жүрек тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі,бостандығы жолында бас тіккен айбынды азаматтардың ,осы күнге жетпей өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алу біздің парызымыз деп есептеймін. Біз сол құрбандарды еске ала-алатынымыз, жеткізер алғысымыздың аз ғана бөлігі деп ойлаймын. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға берілмей, ата бабаларымыздың өсиет етіп қалдырған елдің іргетасын көтерейік. Қазақстанның тәуелсіздігін мұхиттың арғы шетінді орналасқан АҚШ содан соң Қытай, Жапония, Франция егемендігімізді ресми түрде мойындайды.Тарихымыздың көші ұзақ және тарихымызды, дербестігімізді, жәдігерлерімізді, ата-бабаларымыздың арманын асқақтату біздің қолымызда. Қорытындылай келе ,туымызда бейнеленген қыран құстай еркіндікті аңсаған азат халқымның тәуелсіз ел болғанына биыл 29 жыл толды. Қазақ елінің болашағы әліде сан-ғасырларға созылатынына күмәнім жоқ. Қазақ елінің Мәңгілік елге айналуына барын салатын болашақ ,азат ойлы , алып ұландары біз болуымызға сөз беремін. Біз тарихымыздың ,өткерген барлық қиын қыстау кезеңдердің ұмытылмай ел жадында сақталып,тарихқа үлкен атпен енетініне сенемін және сол іске себепші болады. Сөз соныңда жалғыз айтарым көк күмбезді аспаны бар,бетегелі боз даламызды біз ешкімге бермейміз деп ант беремін.Қазақстанның шығар биіктері мен ұшар қиялары әлі алда.