23 Желтоқсан, Дүйсенбі

Оқушыларға

Мәдениеті өскен ел — өркениеті көшкен ел






Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі
10 сынып оқушысы Игенова Зарина

«Қазақтың қасиетті жерінің асты да-байлық, үсті де-байлық» дегендей біз дамыған елдерден ең бай елдердің біріміз. Біздің отанымыз әр қайсымыз үшін де өте қымбат, құнды. Бұрынғы Қазақстан жерінен қазіргі Қазақстан мың есе өзгерген дамыған десем артық кетпегенім. Расында, біздің Қазақстан күн санап алға қарай өркендеп келе жатыр. Бұл жетістікке жетуіміз әуелі Раббымыздың арқасы, одан кейін елі сүйген Елбасының қажырлы еңбегінің арқасы деп білемін. Елбасының арқасында біз Тәуелсіз, бейбітшіл Қазақстан атандық. Бұл біз үшін асқан мәртебе. Ресейдің отары болып отырған мемлекеттер қанша ма? Ал бізде құнды байлық пен даңқ бар. Біз ешбір елге тәуелденбей, қой үстіне жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатқанымыз — Тәуелсіздіктің арқасы.

«Қазақ халқы — дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық» деп айтқан елбасымыз, шын мәнінде де біз өте мықты халықпыз. Намысты ұлдарымыз жау алдында тізе бүкпей, қылығы тәтті қыздарымыз еш уақытта өз елін сатпай қазақтың ұлдарына ілтипат сыйлаған ел нағыз біздерміз. Түрлі сындардан, алдағы қиын жолдардан тізе бүгілмей тек қана алға бастадық. Біздің көрген қиыншылық заманды ешбір мемлекет көрді деп айта алмаймын. БІЗ сонда да ынтымақтылығымызды сақтап, тіліміз бен дінімізді жадымызда ұстаған қайсар, рухты Қазақпыз. Менің ойымша — мәдениеті де, өркениеті де көшкен мемлекет — Қазақстан! Тіл жағынан да, дін жағынан да,мәдениеті жағынан да, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-сенім бәрі-бәрі тек біздің елде өте жақсы ұстанылады. Біз қазақ елі мейірімділігіміз соншалық көп ұлтты елімізден төрін беріп жылы шырай танытқан жұртпыз!

Көбіне біз қазақтар «Жапония» өте мәдениетті, дамыған ел деп жатамыз. Бірақта, біз сол Жапондықтардан да асқан мәдениетті ел секілдіміз. Себебі: біздің елде сыйластық, ынтымақтылық басымырақ. Иә, Жапония да тап-таза, әдемі, бір-бірімен көп ренжісе қоймайтын ұлт көрінер, бірақта, сонда да ол менің құтты атамекеніме жетпейтін секілді көрінеді маған. «Әркімге өз атамекені ыстық» дегендей маған да өз атамекенім ыстық, өз жерім ыстық. Қанша кем тұстары болса да, Отанымның «жақсысын асырып, жаманың жасарғым» келеді. Мен осындай «Мәдениеті өскен ел — өркениеті көшкен ел» де дүниеге келіп, суын ішіп, өмір сүріп жатқаныма мақтанып, қуанамын.