23 Желтоқсан, Дүйсенбі

Оқушыларға

Ұлттық болмысты сақтау






Еліміз өзге елдермен керегесі кең, терезесі тең болып, қатарының алды болсын десек, олардан дараланып тұрудың бірден-бір жолы-ұлттық болмысты сақтау.Ұлттық болмыс дегенде бірден көз алдыңа жайлауда жайбарақат өмір сүретін, «шу,жануар,шу!» деп малын бағатын,киіз үйді паналап, қасиетті қоныс еткен қазақ хандығы кезіндегі қазақтар елестейді. Бір жағынан ойлап қарасаң, ащы термен келген тәтті жеңісте жанын берген желтоқсан құрбандары есіңе түседі. Сонда қазақты қазақ қылып тұратын ұлттық болмысы қандай?
Біріншіден,ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңетін ана тіліміз ұлттық болмыстың сипаты болып табылады.Сол себептен де, өзге тілдің жетегіне еріп, бағынышты болмай ана тілімізде сөйлеуіміз қажет. Әйтпесе, несіне қазақ болып жүрміз? Екіншіден, қазақтардың ұлттық айнасы салт-дәстүрін біліп, күнделікті өмірде қолданып,
тозығы жеткенін қалдырып отыруы керек. Үшіншіден, киім үлгісі. Меніңше, ұлттық болмысымызды айшықтай түсетін қазақы киім-кешектерді қарапайым өмірдегі киім үлгісіне де ою-өрнектерді жабыстыру арқылы жандандыра киіп жүрсе несі айып!?
Төртіншіден, ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінде ойнатылатын ұлттық ойындар. Күн сайын болмаса да, анда-санда алтыбақанға тербеліп, бәйге жарыстырып, ақсүйек тапқанға не жетсін? Қазіргі таңда Қазақстанның кейбір жерлерінде нағыз қазақтарша өмір
сүріп, қанмен сіңген қазақы құндылықтың қайнар көзін күнделікті күйбең тіршілігімен ұштастыра өмір сүретін жандар бар. Олар шырайлы шығыстың сәні болар Алтайда, табиғатымен тәнті етер Тарбағатайда, жер жәннаты Жетісуда өмір сүретін қазақтар.
Ол кісілер қазақ ұлтының рухани байлығы мен әдет-ғұрпын насихаттап, атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлеріміздің өркендеуіне үлес қосып, ұлттық мерекені ұлықтап, қыста саятшылық құрып өмір сүрсе де заман көшінен қалып
жатқан жоқ.
Елбасымыздың да айтқысы келгені осы. Қазақтарды рухани жаңғырту арқылы
ұлттық болмысты сақтау. Рухани жаңғыру аясында Қазақстанда біршама іс-
шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, біз кезіндегі алашқа аты мәшһүр Ахмет Байтұрсыновтың ерен еңбегінің нәтижесінде пайда болған латын қарпіне көшкелі жатырмыз. Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр.Сондықтан да, заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек. Бұнымен қоса, жер-жерде мүшәйралар мен
айтыстардың өткізілуі, қазақ даласындағы көкпар, бәйге, асық ату сияқты ұлттық ойындардың қайта жаңғыруы елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жемісі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығымыз бір атаның балаларындай еліміздің дамуы жолында атқарылып жатқан іс-шараларға белсене қатысып, ерен еңбегімізді сіңірсек әрқашан қазақ елінің айы оңынан туары айдан анық!