25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

А.Құнанбаев. Абай шығармашылығы






Ұлы Абай шығармашылығы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.

Білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Абайдың қай өлеңі болмасын. Өзіме ең жақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздері. Онда айтылатын мәселелер, қара сөздердің тәрбиелік мәнінің маңызы зор.

Абайдың қарасөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріңдегі ойлар, пікірлер өлендерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап пысықтап, кейде әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Енді бірқатар жазбаларыңда автор тың өрістерден ой толғап, табиғат пен қоғам құбылыстары, халықтың тарихы мен тағдыры, адамның жеке басының проблемалары жайындағы жаңа бір пайымдауларын алға тартады. Бұл еңбектер жанрлық, стильдік жағынан да әр алуан. Қарасөздерді алғаш жазуға отырғанда ақын ойыма келген нәрселерді жаза берейін..., кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, — деп қаншалыкты қарапайымдық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби-көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуда баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады. «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы». Мақал-мәтелдердің бәрін ой елегінен өткізбей қолдана беруге болмайтындығын баса назарға алған. Абай бұл ойларының түйінін бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелдеген: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді екен. Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні – малдыларды алдап, арбап, мақтап, мал жинау, егер бұл іске аспаса, алдап немесе мақтап ала алмаса, онда әкесімен болса да жауласудан тайынбайды екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшік, соған ұқсаған қылықтардың қайсысын болса да қылып, мал тапса жазалы демесек керек екен. Осындай Абай айтқан әдіспен мал тауып, халықты алдап, арбап, қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен, зорлық-зомбылықпен көгеріп, көркейіп отырмын деп санайтын адамдар бүгінгі таңда баршылық екеніне бәріміз тағы да куәгерміз.

Абай алтыншы сөзінде қазақтың «бірлік пен тірлікті» қалай түсінетінін көрсеткен. «Өнер алды – бірлік, ырыс алды - тірлік» деген мақалдың пәлсапалық мәні қандай? Оны дұрыс түсіне ала ма? «Қазақ ойлайды, - дейді Абай, - бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен» деп. Осы ортақтықты бірлік деп түсінеді. «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік?» - деп Абай «бірлік» сөзінің мағынасын өзі ашып береді. «Жоқ,-дейді Абай, - бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы». Мызғымайтын шындықтарды айтуды Абай алдына ешқашан мақсат қылған емес. Рухани дүниесі құлдырау жолына түскен тобырларды дұрыс жолға салу қиынның қиыны болатын. Осыны сезінген Абай қатты қиналып, дағдарысқа ұшырайды. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» деп мұңын шаға келіп, оның себебін түсіндіреді. Бас басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? – («Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», 1886 «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?» деп Абай бірінші мінезді сипаттай отырып, қалың қазақтың жік-жікке бөлінуін, «бас-басына би болған өңкей қиқымын» тайға таңба басқандай айшықталып тұратын қазақтың бір олқылығы деп дөп басып айтады.

Абай заманында бөлінген қазақ, әлі де сол бетінен қайтпақ емес. «Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді.

Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы – пейіл емес, алдау, дұшпандығы – кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық» деп Дана Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде былай деген: -“Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар”- дей келе, “Жарлы болсаң, арлы болма” “Атың шықпаса, жер өрте”, “Алтын көрсе, періште жолдан таяды”, ” Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті” сынды мақалдардың ешқандай тәрбиелік мәні жоқ екенін, ата-анасын малға айырбастау, құдайға дұшпандық, азқындық екенін , жер өртеп шығарған аттың қандай абыройы барын сынай келе, осындай білместікпен айтылған сөздерден сақ болуды ескертеді.

Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөздеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты.