25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Туған жерім – құт мекенім






Иә , туған жердің қадір – қасиетін түсіну үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Жүрегінде иманы бар адамдардың осылай ойлайтыны сөзсіз.

Расында да, әркімнің кіндік қаны тамған жері қымбат болса, мен үшін Арал қаласы - жұмақтың мекені.

Шындығында да, алтын ұяң – отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат екендігі баршаға аян. Мұндайда ақиық ақын Зейнолла Шүкіровтың : «Кіндігім бірге Аралмен,
Теңізден тыныс алам мен.
Ақ пейіл ана секілді
Алдымда жатыр далам кең! » - деген сөзі ойға оралады.

Шабытыңа шабыт қосылып кететін шежірелі өңір – менің туған жерім - бүгінде ажарлана түскен.

Еліміз тәуелсіздіктің көк туын желбіреткеннен кейінгі уақыт аралығында Арал ауданының тыныс-тіршілігі жақсарды. Бақ құсы қай жерде ынтымақ, ауызбіршілік, жарасымдылық бар – сол жерге қонады емес пе?! Сол бақ қазір Арал ауданында деп ойлаймын. Осы 26 жыл ішінде қаламыз қалай өзгерді десеңші. Жазсам ,бір параққа сыйғызу мүмкін емес. Жанқожа батыр көшесі мен Ақтан батыр көшелерінің тұсында, № 62 мектеп - лицейінің алдында тәуелсіз елдігіміздің рухани қос қанаты іспетті қос батырымыз Жаңқожа батыр мен Ақтан батырдың тарихи ескерткіш тұлғалары қатар қондырылды.
Арал ауданының қақ ортасынан Тәуелсіздік алаңы ашылды. Осы алаңның қақ ортасында биіктігі жиырма бір метрлік, ұшар басында бір қолында қыран, екінші қолында садағы бар, қоладан құйылған қазақтың ат үстіндегі қас батыры бейнеленген алып монумент орнатылды. Ал, оның төменгі жағына осы өңірге белгілі Әйтеке би бастаған 11 би, Сартай бастаған 11 батыр, Нұртуған бастаған 11 ақын-жырауларға арналған ескерткіш орнаттылды. Ерекшелігі сол, монументтің 21 метр биіктікте салынуы ХХІ ғасырда бой көтергендігі, ал, 33 би, ақын-жыраулардың есімдері жазылудағы 33 саны қазақтың таспих қайырымына сәйкес келетіндігі. Тәуелсіздік алғалы бергі қаланың тыныс -тіршілігінің бірін қалдырмай, тізбектеп айту мүмкін емес, әрине. - Көзді ашып-жұмғанша ел тәуелсіздігінің таңы атқанына да 26 жыл толыпты. Осы 26 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз болашақтың жарқын болатынының айғағы ,-дейді үлкендер.Ал мен осы тыныштығымыз бен ауызбіршілігімізді,берекемізді сақтай гөр деп тілеймін.Ылайым солай болғай.