Оқушыларға
Мен президент болсам...
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының II курс студенті Батырбек Гүлайым
Белгілі бір мемлекетті басқаратын, халықтың жағдайын жасайтын көшбасшылардың бірі әрі бірегейі президент болып табылады. Ел басқару кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс деп білемін. Себебі, ол үшін өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, мықты саясаткер болуың шарт.
Елбасының басты қағидаларының бірі - елімізді көріктендіріп және де болашаққа қарай сенімді бағдар жасау. Географиялық жағдайы жақсы ол - біздің Қазақстан. Атап айтар болсақ, мұнай мен газдан және т.б кен орындарына толы. Біз экспортты, импортты да қолданатын елдердің санатынанбыз. Оған тойтарыс беру үшін, Қазақстанда тұратын халыққа жаңаша технология жасап шығартып, елімізді көркейтуге елеулі үлесімді қосар едім.
Мемлекет байлығы дегеніміз - ол халық болып саналады. Сондай-ақ мемлекетіміздің басты құндылығы - халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуі қажет. Әрине, ол үшін елім деп еңіреген, жүрегі қазақ деп соққан әрбір қазақ еліміздің өркендеп, өз үлестерін қосуы міндетті. Өйткені бірлігіміз жарасқан Тәуелсіз Қазақстанымыздағы ұрпақтарының болашақ өмірінің жарқын да кемел болуы елбасының мақсат-мүдделерінің бірі.
Қорытындылай келе, мемлекет пен ұлт қатып қалған дүние емес, үнемі алға қарай өсіп отыратын тірі ағза сынды. Сынаптай зымыраған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру тарихы кемел келешегіміздің үрдісі.