24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Гүл мен Айгерім






Алматы облысы, Ұйғыр ауданы
№4 Шонжы орта мектебі
Сынып жетекшісі: Куджакулова Алмагуль
4 сынып оқушысы Ғалым Ақмарал



Ертеде Айгерім деген бір қыз болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы — дімкәстігі оны онша қынжылта қоймапты. «Бала болғаннан кейін, өстіп науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әр түрлі ем алуға, дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті.

Айгерімнің көзін аша салып көргені — қабат-қабат биік үйлер, асфальт төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың машина. Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. Айгерім енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне ұқсатты.