Оқушыларға
Менің отбасым
Алматы облысы, Райымбек ауданы
Шыбышы ауылы
«Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің
5 сынып оқушысы: Тұрғынбай Досжан
Отбасы – алтын бесік және шағын мемлекет. Отбасымда 7 адам бар. Олар: атам, апам, әкем, анам, мен және екі қарындасым бар. Мен өз отбасымды қатты жақсы көремін. Отбасыма көмектесіп, қарындастарыма қамқор боламын. Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз. Менің ата-анам менің біліміме риза. Олардың маған тілейтіні жақсы оқып, үлкен азамат болуым. Менің ата-анам мейірімді. Атам маған әрқашан мейірімді, сыпайы бол,-дейді. Мен үлкен кісілерді сыйлаймын, жол беремін. Әкем болса, маған ақылын айтып үйретеді. Мен отбасымның арқасында барлық әдептілік пен әдемілікті үйрендім. Қарындастарымды демалыс күндері ойнатамын. Оларға қамқор боламын. Мен отбасымды мақтан етемін.