Оқушыларға
Менің анам
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы
Казталов ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің»
Тәрбиеленушісі: Адиетов Ақжол Тлепұлы
Жетекшісі: логопед мұғалімі Губашева Эльмира Нурланқызы
Анам менің ай - күнім,
Анам менің байлығым.
Анашыма арнаймын,
Дүниенің байлығын.
Менің алтын анам бар. Ол үйде бала тәрбиесінде. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, әлпештеп өсірді. Әрбір адам анасын құрметтеуі керек. Біз аналарымызға қарыздармыз. Анам мені тоңып қалмасын деп сабаққа алып келеді және күтіп алып кетеді. Үй тапсырмасын орындауға да көмектесетін ол – менің анам. Мен анашымның ауырмай, ұзақ өмір сүргенін қалаймын.