24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Менің атам - жауынгер болған...






Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектебі КММ
1а сынып оқушысы: Темірбек Саят Арманбекұлы
Жетекшісі: Мендигалиева Гульжанат Ескаировна



Менің арғы атам – Мардан атам –жауынгер болған, Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін соғысқа қатысып, елді, жерді жаудан қорғаған батыр болыпты. Кеудесінде ордендер жарқыратып түске суреттерін үйден көріп, талай рет тамсана қарағам. Тек қана картадан көрсететін Германияның Берлин қаласына дейін барған көрінеді. Үйде әлі сақтаулы тұрған – «Қызыл Жұлдыз» және І – дәрежелі Отан соғысының ордендерін өз қолымен ұстап көрдім, ондай ордендерді тек батырларға бермей ме? Менің атам - батыр болған деп тек мақтанышқа бөленем. «Атам бүгінде тірі болғанда ғой,» - 98 жасқа келеді екен... Бірақ тағдыр оны өмірден ерте қоштастырып, алып кетіпті. Оның ұзақ өмір сүре алмауына сұрапыл соғыс өз зардабын тигізген ғой.

Жақында отбасымыз үлкен қуанышқа кенелуде. Соғыс ардагері болған атама – Дамбы ауылындағы жаңа көшелердің біріне есімі берілді.

Менің атамның есімі мәңгі жасайтын болды.