Оқушыларға
Менің отаным - Қазақстан
№115 негізгі орта мектебінің
3асынып оқушысы: Коракулова Сандуғаш
Сынып жетекшісі: Ауелова Роза Спабековна
Мен отымның әсем де көркем болып өсіп өркендеп, келе жатқанынан әрбір қаламыздың өз көркемдігімен мақтанамын. Астана отанымыздың елордасы. Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевың ұсынысымен 1997 жылы қала Қазақстанның жана астанасы болып жарияланды. Астанамыздың ортасынан Есіл өзені ағып өтелі. Астанамыз тез өсіп, дамып келеді. Астана Бәйтекрек кешені – Астананың символы. Ол еліміздің мақтанышы болып өсіп келеді. Астананы жоғарыдан тамашаласаң зәулім-зәулім ғимараттар сұлулығына көрік қосып тұр. Ал Алматы қаламыз жер көлемі мен саны бойынша ең ірі қала. Алматы 60 жылдан астам Қазақстанның астанасы болды. Ол Іле Алатауының етегінде орналасқан. Алматы - бау-бақшалы қала. Ол жасыл желекке бөленген.
Қалада театр, мұражай, кітапхана көп. Қазақстанның бірінші университетінің негізі Алматыда қаланған. «Медеу» мұзайдыны мен «Шымбұлақ» таушаңғы шипажайы – Қазақстандықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орны. Ақтөбе - облыстың бас қаласы. Ақтөбе облысы - Қазақстандағы ең үлкен облыстарының бірі. Бұл жерде мұнай мен газ және басқа да пайдалы қазбалар өндіріледі. Обылыстың жануарлар әлемі де алуан түрлі. Даласында қарақұйрық, ақбөкен, қасқыр мен қосаяқтар мекендейді. Обылыс орталығы - Атырау қаласы. Қала таңғажайып жерде орналасқан. Бұл жерде Жайық өзені Каспий теңізіне құяды. Өзен мен теңіздің суы балыққа бай. Атырау облысында пайдалы қазба көп. Онда мұнай өндіріледі. Қарағанды еліміздің ең ірі қалаларының бірі. Тарихи және географиялық орталық болған Ұлытау бар. Қарағанды көмір кеншілер – Отаны. Қостанай облысы еліміздің солтүстігінде орналасқан. Облыста егістік алқабы көп. Бұл жерде бидай егінімен айналысады. Оңтүстігіміздің орталық қаласы Шымкент қаламыз. Көнеден Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары болған. Оңтүстік Қазақстан даласында күріш, мақта, көкеністер өсіріледі. Ал бау-бақшаларда түрлі жемістер мен жүзімдер өседі. Өлке шипалы суларға бай. Шымкент қаламызда көп зауыттар, фабрикалар бар. Мен елімнің осындай байлығымен, тыныштығымен мақтанамын!