24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Мен мамандық таңдаймын






Алматы облысы

Панфилов ауданы

Үлкеншыған ауылы

Үлкеншыған орта мектебінің

Оқушысы: Турдыханов Райымбек Асқарұлы

Жасы: 9

Жетекшісі: Кенжебекова Күләш











Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау. Әрбір мамандықтың қыр-сырын білетін адамдар бар. Мысалы, білікті дәрігер науқас адамды ауруынан айықтырса, шебер құрылысшы әсем ғимараттарды тұрғызып, ел игілігіне ұзақ қызмет етуге мүмкіндік тудырады. Әр адамның бойында өзі қалаған мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Ең бастысы – адам еңбекті сүюі керек.

Мен үшінші сыныпта оқимын. Арман-мақсатым көп. Сол сияқты мен де өскенде ғалым болғым келеді. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейді. Аспан әлемін зерттеп, жердің игерілмей қалған, әлі зерттелмеген тұстарын ашып, әлемге жаңалық енгізсем деймін. Қаныш атам сияқты аспанға да атым жазылса деп армандаймын.

Барлық мамандық иелері мемлекетке өз үлестерін қосады. Мен де елімнің өсіп, өркендеуіне өз үлесімді қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашсам деп ойлаймын.

Білікті маман -өз ісінің шебері емес пе? Ондай мысал көп. Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз мамандығының нағыз білгірі. Еңбегінің арқасында осындай дәрежеге көтеріліп отыр. Елінің қамын ойлап, күндіз-түні тынбай еңбек етуде.

Меніңше, астроном-ғалым болу менің қолымнан келеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түспек. Менің қазіргі алға қойған үлкен мақсатым - оқуымды үздік аяқтау.Т ек білім мен еңбектің арқасында аңсаған арманыңа қол жеткізуге болады.

Ғалым болу- арманым,

Терең ойға бойладым.

Құпиясын ұққым келіп әлемнің

Білім мұхитын шарладым,-

деп, өз ойымды Абай атамның «...білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет білсең, һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады.» отыз екінші қара сөзімен аяқтай келе, ғылым-білімді үйренуден еш жалықпайық. Алған білімімізді ел игілігіне жаратайық дегім келеді.