Оқушыларға
Әлемнің жеті кереметі
Текелі қаласы
«№ 5 орта мектеп» КММ-сінің
8 «ә» сынып оқушысы: Жұмабекова Балғын
Жетекшісі: Сейтбаева Алия Рысқалиқызы
Жоспары
1. Әлемнің жеті кереметі мәлімет
2. Александрия шамшырағы
Әлемнің жеті кереметін Ескендір Зұлқарнайн [Александр Македонский] құрған болатын. Ол ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы әлемнің жеті кереметі сәулет өнері ескерткіштерін құрған екен. Олар - 1. Мысыр пирамидалары, 2. Бабылдың аспалы бағы, 3. Артемида ғимараты, 4. Зевстің мүсіні, 5. Мавсол табытханасы, 6. Родос алыбы, 7. Александрия шамшырағы. Менің ойымша осы әлемнің жеті кереметі болғаны жақсы. Өйткені - жеті кереметтің арқасында біз біздің заманымыздан бұрын болған ескерткіштерді біліміз әрі оларды ұмытпаймыз. Және осы жеті кереметті құрып берген Ескендір Зұлқарнайнға [Александр Македонскийге] рахмет. Ол болмаса біз осы ескерткіштерді білмеуіміз мүмкін еді. Егер осы ескерткіштерді жеті керемет деп жарияламағанда бұл ескерткіштер жойылып кетуіде мүмкін еді.
Александрия шамшырағы - Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Бұл шамшырақ тұтастай мәрмәр тастан қашалған. Ол асқан шеберлікпен қаланған шамшырақ. Оның биіктігі-150метр. Сол заманда бұдан асқан биік құрылыс жоқ еді. Александрия шамшырағы теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берген екен. Және осы ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келен. Өз ойымды айта кетсем - осы Александрия шамшырағының арқасында жаңа жазып кеткендей теңіз кеңістігін тамашалауға мүмкіндік алған болатын. Және бұл шамшырақ сол замандағы ең биік құрылыс болғандықтан әлемнің жеті кереметінің бірі атанған деп ойлаймын. Маған осы жеті кереметтің ішінде Александрия шамшырағы ұнайды. Өйткені ол әрі биік, әрі керемет құрылыс.