Оқушыларға
Ана алақаны
№103 жалпы орта мектебінің
5 «ә» сынып оқушысы
Сұлтан Динара
Пән мұғалімі: Амиреева Айгүл
Бізді дүниеге алып келген – Ана. Әлемде ананың алақанынан артық аялы, жылы, жұмсақ еш нәрсе жоқ. Бізді еркелетіп, түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасақ тербетіп, әлдилеген ол - ана. Дүниедегі ең ұлы сезім сенің - анаң. Адамның дұшпаны мен досының кешірмейтін қателігін тек қана ана кешіре алады. Кім баласын жаман іске қиғысы келеді дейсің? Ана баласы үшін жанын беруге дайын. Себебі, ана бізді тоғыз ай құрсағында көтерді. Адам ауыр қылмыс жасап абақтыда отырса, ол бала анасы үшін – пәк. Адамның алғаш тілі келетін сөзі – ана.
Ана туралы кім тебіренбейді? Ананың ақылы әрқашанда дұрыс шешім. Ана бізді мәпелесе, біз аналарды құрметтеуіміз керек. Аяулы аналарға ақын, жазушылар қаншама өлең арнауда. Олар ананы тіл жеткісіз тебірентіп жырлаған.
Мысалы: Қадыр Мырза Әлі ағамыздың
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталады.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым. -деген өлеңімен аяқтағым келіп тұр.