24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Әсем қалам – Астанам






Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, Өмір өзені атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан. Бұл біздің білетініміз ғана десем болады. Қазіргі Астананың көз тоймастай көркіне, жылдан-жылға әсемденіп өсіп келе жатқанына әрбір ауыл баласы қызыға қараймыз. Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді.

Сарыарқаның төрінде орналасқан Астана - Қазақстанның жүрегі. Мен оны әрдайым мақтанышпен Әсем қалам – Астанам-деп айта аламын.

ОҚО, Түлкібас ауданы, Еңбек ауылы

4-сынып оқушысы Сейдкерим Асылбек

Жетекшісі Әнипа Сейдалиева