30 Желтоқсан, Дүйсенбі

Оқушыларға

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы



Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына сәйкес, әлемде өмір сүрудің орташа ұзақтығы 67 жас.

Өмір сүру ұзақтығы бойынша үздік үштікке енген елдер:

Жапония

Жапондықтардың орташа өмір сүрі жасы – 83. Елдің тұрғындары соя мен тәтті картоп, балық жейді. Сояның құрамында ақуыз көп. Ғалымдар осы себепті олардың ұзақ өмір сүретінін айтады.

Испания

Өмір сүру ұзақтығы – 82,8жас. Мұндағы халық зәйтүн майы мен көкөніс жейді. Испания елінің көшелер көлікпен жүруден гөрі жаяу жүруге ыңғайланған. Сондықтан адамдардың көбі біржерде отырып тамақтанбай жаяу кетіп бара жатып тамақтана береді.

Швейцария

Өмір сүру ұзақтығы – 81жас. Елде денсаулық сақтау қызметі жоғары деңгейде көрсетіледі. Адамдардың ұзақ өмір сүруіне олардың ірімшік пен сүт өнімдерін көп тұтынатындығы.

Ал, Орталық Африка тұрғындары әлем бойынша өте аз өмір сүреді. Орташа өмір сүру ұзақтығы 52 жасты құрайды.

Қазақстан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы барлығын қызықтыратыны рас. Біздің мемлекет өмір сүру ұзақтығы бойынша әлем елдерінің ішінде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 69 жасты құрайды. Алайда, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуы бойынша 2025 жылы Қазақстанда халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді. Ол кезеңге жетуге де алыс емес...

Өмір сүру ұзақтығы – денсаулықпен тікелей байланысты. Сол себептен де, бұл жолда көп еңбек ету керек. Денсаулықты жақсартуға арналған кеңестер:

– таза ауада көп серуендеп,далада спортпен айналысыңыз. Далада спортпен шұғылдану физикалық тұрғыдағана емес, рухани жағынан да пайдалы екенін дәлелдеді. Ол өз-өзіңе деген бағаңның артуына, көңіл-күйдің жақсаруына әсер етіп, күйзелістен құтылуға көмектеседі.

– Көк шай, балық майы және соя тұздығын қолдану күнделікті әдетіңізге айналсын. Бүгіннен бастап көк шайға көшіңіз. Балық жеп, тағамыңызға соя араластыруды ұмытпаңыз. Себебі, балық майы инсульт пен басқа да жүрек ауруларынан сақтап, буынсыр қырауы және кәрілікпен күреседі. Ал, соя жүрек ауруларына қарсы, сүйектің қалпын жақсартады. Көк шай – қан қысымын қалыпқа келтіріп, холестеринді азайтады.

– Дәрігерге жиі бару міндетті. Өзіңіздің денсаулығыңызды басты түрде қадағалау қажет.

– Күн сайын алма жеп тұрыңыз. Ол-жүрек-қан тамырларына өте пайдалы.

– Көңіл күйіңіз әрдайым жоғары болсын. Өйткені, адамның денсаулығына жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Жақсы көңіл-күй мен күлкі өмірді ұзартады деген сөз бар. Сол себептен өміріңізді ұзартқыңыз келсе осы кеңестерді ұмытпаңыз.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы. 9 орта мектептің 11ші сынып оқушысы.ОРАЛБЕКОВА ДИЛЬНАЗ