22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Ана






№103 жалпы орта мектебінің

2 «ә» сынып оқушысы

Базаралы Жанболат

Сынып жетекшісі: Аширбаева Альбина

Ана

Ана, ана дейді барлық адам баласы. Ол кім?

Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Ана әлемдегі ең қайратты, жігерлі, әрі нәзік жандардың бірі. Барлық адам өз анасын жақсы көреді. Ананың балаға деген махаббаты тілмен айтып жеткізе алмайтын шексіз. Ол қанша шаршаса да балаларын ешқашан тыңдаусыз, қараусыз қалдырмаған. Мен анамды үлгі тұтамын. Әрқашанда атын өлеңдеріме, жазған шығармаларыма қосып жүргім келеді.

Мен анамды сүйемін

Ақылын ойға түйемін

Ардақтап өтем анамды

Жұбататын санамды.