22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Тәуелсіздік-ел бақыты






Ақмола облысы Шортанды ауданы

Новокубанка орта мектебінің

5 Б сынып оқушысы Мазуренко Арина

жетекшісі: Қазақ тілі және әдебиет

пәнінің мұғалімі Чавид Жулдас

Шығарма

Тәуелсіздік-ел бақыты

Мен Мазуренка Арина Қазақстан жерінде дүниеге келдім. Менің туған жерім -Қазақстан Республикасы. Мен Қазақстан еліммен қай жерде жүрсемде мақтана аламын. Себебі, Қазақстан мақтауға тұрарлық, ерекше табиғатымен, мәдениетімен бай мемлекет.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алған. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ. Қазақтың көптеген қайсар батырлары қазақ елінің еркіндігі яғни тәуелсіздігі жолында күресіп жеңіске жеткен. Осындай қазақ батырларының ерен ерлігінің арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналып отыр. Қазақ елінің тәуелсіздігінің басты белгісі - оның рәміздері. Қазақстанның үш рәмізі бар. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран. Сонымен қатар Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан халқымыздың өзіндік валютасы да бар. Қазақстанның валютасы 1993 жылы 15 қарашада «теңге» болып қабылданды.

Қазақстан-дүниежүзі халықтарына танылған мемлекет. Ол жер көлемі жағынан барлық мемлекеттердің арасынан тоғызыншы орында. Ал халқының саны он жеті миллионнан астам. Елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Мысалы: қырғыздар, орыстар, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, кавказдар т.б. көптеген ұлт өкілдері бар. Бұл нәтижеден Қазақ елінің қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет екенін түсінуге болады.

Қазақстан күн сайын дамып, өркендеп, көркейіп келе жатыр. Қазақстанның көптеген қалалары күннен күнге көркейіп, түрлі ғимараттар, өнеркәсіп орындары, көз тартарлық құрылыстар салынып жатыр. Қазақ елі мақтауға лайықты, әртүрлі пайдалы қазбаларға, мұнай мен газға басқа да көптеген нәрселерімен бай. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында. Сонымен қатар Қазақ елінің дамуына Қазақ халқында тұрып жатқан әрбір азамат үлес қосуы міндет деп ойлаймын. Мен де Қазақ елімді қорғауға және оның дамуына зор үлес қосқым келеді. Мен туған жерім- Қазақстанды жақсы көремін!