23 Желтоқсан, Дүйсенбі

Оқушыларға

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары






Экономиканың ең маңызды саласының бірі – бұл ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығы, сонымен қатар өзіне тән ерекшеліктерге ие. Ол табиғат климат факторларына тәуелді, ондағы өндіріс мерзімі циклдық жағдайда жүреді. Сондықтан, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған экономикалық және технологиялық жағдайларға баяу бейімделеді және салынған капиталдың басқа салалармен салыстырғанда қайтарымы төмен. Ауыл шаруашылығының тиімділігі- ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғарғы көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнымен, рентабельділік, ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығымен және т.б.

Өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін сипаттау үшін жалпы өнім және таза табыс, жер көлемі, еңбек шығындары, негізгі және арнайы капиталы толығымен кіреді. Табысы бар кәсіпорын рентабельді болып саналады. Неғұрлым табыс көлемі көп болса, соғұрлым өнім көлемі артады. Рентабельділік – экономиканың маңызды категориясы. Ол кәсіпорынның табыстылығы мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз - табыстан кеткен шығынды азайту.

Рентабельдік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіші. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық кетогория. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін-өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20-50% болуы керек.

Экономикалық тиімділікті анықтау үшін өндіріс үрдісіне әсер етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші факторларды есептейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне егіннің дұрыс пісуі, мал шаруашылығындағы өнімділік және т.б. Сонымен қатар, еңбек шығындарын есепке аламыз.

Өндіріс көлемінің артуы, сапасының өсуі, шығындардың аз болуы көлік шаруашылығының дамуына, өндірістің тиімділігінің артуына ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруда өнімнің өткізу арналарының да маңызы зор. Ол арқылы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырады, табыстың өсуіне әкеледі. Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну құнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқықтық- нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.

Жұмыс күшіне жоғары ықпал төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып, төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни, бағаның қалыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ.

Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін оның мақсатын қоғамның материалдық жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік факторларды қамтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика жағдайында ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәселелері - бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады.

Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде деп айта алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды қажет етеді.

Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе, былай деген: «...жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, техникалық қателерден болады». Сондықтан ауыл шаруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты қолдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнді деңгейде өзгереді.



Әдебиеттер:

1. Н.Я.Коваленко, «Экономика сельского хозяйства», Курс лекций, Москва 1998г.
2. А. Мұқашев «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың ілімдік негіздері», 2000 ж. №5.
3. А.Сейдахметов «Агробизнестің экономикалық негіздері», Алматы, «Экономика» 2001 ж. 89-97 бет.

Шымкент аграрлық колледжі
Э9-161 тобының студенті
Сәттұрған Рамазан
Жетекші: Утешова Г.М.