23 Желтоқсан, Дүйсенбі

Оқушыларға

Мәліметтер базасын ұйымдастыру






Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:

• иерархиялық
• желілік
• реляциялық
• объекті-бағытталған

Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.

Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.

Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.

BDE Administrator

DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase Engine- Borland фирмасының деректер базасының поцессоры ) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.

Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие. (Сурет 1.1)



Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows – тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.

STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.

Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске

Мәліметтер базасының кестесін құру

Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.

Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
• өріс сипаты
• кілт
• индекс
• өрістің мәтініне шек қою
• кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
• парлольдер

кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.

Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D:BOLATKHAN. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.

Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: ПускПрограммыBorland Delphi7Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде FileWorking Directory және көрсетілген терезеден D:BOLATKHAN каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда Raspisanie кестесін құру үшін File
ewTable. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.



ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады:



Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды.

«Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
арнайы пәндер оқытушысы
Жакипова Қаракөз Турганалиевна