Оқушыларға
Зоб ауруы (Алқым без ауруы)
Ертеде бір жолаушы Оңтүстіқ Американың теңізден қащық бір ауданында тау мұзын ауыз суға пайдаланатын халықтар мен ондағы хайуандардың алқым бездері (зоб) жаппай зақымданғанын, бұзау, құлын, тіпті қаз, үйрек, күрке тауық секілді құстардың да алқым безі (зоб) ауруымен ауыратынын байқаған. Кейін мұның жайын тексере келгенде әлгі жердің суы мен топырағында, жем-шөбінде, тағы басқа азық-түліктік өсімдіктерде йод қосындылары табиғатынан өте кем екендігі анықталды. Йод адам организмінде 25 мг шамасында кездеседі. Ол микроэлементтер тобына жатады. Микроэлементтердің мөлшері организмде де болады. Сөйтсе де олар тіршілік үшін маңызы күшті органдардың қызметін дұрыс атқаруы үшін өте керек. Айталық, темір — қанның қызыл түйіршіктері (гемоглабин), ал кобальт — витамин В1, цинк инсулин (ұйқы безінің гормоны) құрамына кіреді. Әрбір адамның организмі — дұрыс қызмет атқаруы үшін тамақпен, сумен қоса тәулігіне 200 мг йод алуға тиіс. Табиғаттық ортада йод аз болса, адам мен хайуанаттар организмінің мұктажы өтелмейді. Мұның салдары халықты және хайуанаттарды жаппай жемсау ауруына ұшыратады. Алқым безінің (щитовидная железа) үлкеюі аурудың көзге түсерлік сыртқы белгісі болады.
Калқан безі— ішкі секреция бездерінің бастысы. Ол организм үшін маңызы күшті гормон (тироксин) шығарып тұрады. Осы без өзіне тән міндетін ойдағыдай орындауы үшін күніне көрсетілген мөлшерде организмге йод керек. Йод организмге осы шамадан кем келсе, алқым безі сол кемістікті сездірмеу үшін қорғаныш күшін жаңа жағдайға икемдету реакциясын туғызады. Яғни алқым без (зоб) тұтастай немесе түйінденіп үлкейе бастайды. Табиғи, сау кезінде оның салмағы 25—30 г. болса, ауырғанда үлкейіп 1000 грамға дейін өседі. Бұл ауру белгілі бір жердің ерекшелігіне тән болғандықтан оны ғылымда эндемиялық (Эндемос — грек сөзі, бізше — жергілікті) жемсау дейді.
Зоб ауруы қалай білінеді? Белгілі бір мөлшерге дейін өскен без көрші органдарды зақымдайды. Кеңірдекті қысады, тынысты тарылтады, өңешті қысып, тамақ жұтқанда түйілтеді, мойын нервтері мен қан тамырларды қысып үнемі ауыртады, қан айналымын бұзады. Жемсаудың жағымсыз әсері, тек көрші органдарға тигізген зардабымен бітпейді, ол көбінесе жалпы организмді әлсіретеді. Калқан безі (зоб) әрекетінің өршуіне, яки оның төмендеуіне байланысты оның ауруы да екі түрде кездеседі. Егер бездің әрекеті өршісе, оның шығарған гормоны қан алқабына өте көп өтеді. Бұл секілді ауруда алдымен нерв жүйесі бұзылады. Адам кейігіш келеді, тез шаршайды, ұйқысы қашады жүрек қатты соғып, ентігу, қан қысымы арту секілді жүрек және қан тамыр жүйесінің бұзылуы жиі кездеседі. Мұны жемсаудың асқынған түрі гипертиреоз деп білу керек.
Базедов ауруы. Қалқан безінің қызметі қатты бұзылғанда жемсаудың жалпы организмді уландыратын тиреотоксикоз түрі, яғни Базедов ауруы басталады. Мұндай кезде алқым безінің гормоны қанға көп өтіп, нерв жүйесін күйретеді. Бұл ауру кейде күтпеген жерден, көбінесе қайғы-қасіреттен кейін басталады. Ондай адам ашушаң, өкпелегіш келеді, қит етсе жылайды, ұйқысы қашады, жүрегі шаншып ауырады. Мұндай кезде адамның тамыры сау кезінде минутына 72 рет соқса, енді 100—120, тіпті 150-ге дейін соғады. Қол-аяқтары дәрменсізденеді, басқышпен жоғары көтерілгенде, немесе машинаға мінгенде бұлшық еттері талып, тез шаршайды.
Сөйтіп, Базедов ауруында нерв жүйесі қозғыш келеді. Ауру адам сөзшең болады және үнемі асығып жүреді, қолы қалтырап жаза алмайды, тіпті түймелерін ағытып, түймелеудің өзі де қиын болады. Ауру адам ыстықты көтере алмайды, тершең болады, дене қызуы көбінесе кешқұрым 37,1—37,3 градусқа дейін көтеріледі, кейде қан қысымы көтеріледі. Ауру асқынғаңда екі көзі ұясынаң шығып бадырайып тұрады, кірпігі сирек қағылады,: көр жанары өзгеріп, әйнектей жалтырап тұрады.
Тұмау-сүзек, баспа және жоғарғы тыныс жолындағы болатын жұқпалы аурулардан кейін де алқым безі қатты қабынады, соның салдарынан бездің әрекеті бұзылып, тиреотоксикоз ауруы басталады. Өте аз мөлшерде берілген йод бездің өршіген әрекетін басатындықтан, тиреотоксикозді емдеуге йодты мол пайдаланады. Ал йодты тиісті мөлшерінен мол ішсе, ол бездің өршіген әрекетін тежеу орнына қайта оны қоздыра тусіп, гормон өндіруін күшейтеді, сөйтіп адамды «йодтық-Базедов» деп аталатын аурудың қатты түріне ұшыратады. Соңғы 15 жыл ішінде тиреотонірізге қарсы жаңа препарат қолданыла бастады. Оны метилтиоурацил дейміз. Бұл дәрі белгілі бір мөлшерде алқым безінің гормон өндіруін басады, оны қалпына. тусіруге көмектеседі. Егер оның мөлшері нормадан көбірек берілсе, тіпті гормонды шығармай да қояды. Мұндай жағдайда организм тиреотоксинмен уланбайды, адам тәуір болады, тіпті жазылып та кетеді. Бірақ тиреотоксикозды метилтиоурацилмен емдегенде адамды мұқият бақылап тұрған жөн, өйткені кейде ол қанның ақ түйіршіктеріне (лейкоцит) әсер етеді.
Асқынған ескі тиреотоксикозде дәрі-дәрмек ауруға жәрдем бермейді. Онда адамды тек операциямен емдеу керек. Үлкейген алқым безінің (зоб) көбін хирургиялық әдіспен кесіп алу адамды өлімнен құтқарады. Ал алқым безінің (зоб) әрекеті төмендесе (гипотиреоз) қан қысымы да төмендейді: жүрек сау кезінде минутына 70— 80 рет соқса, енді ол 40—50-ақ соғады, ауру адамнын терісі құрғақ, түлегіш келеді, әрі түсі сарғыштанады. Адам топастанады, тіпті оңай есепті ұзақ ойлап, қиналып шығарады. Егер жемсау іштен пайда болса, балалардың бойы нашар өседі, жөнді ет алмайды, ақыры ауыр халге ұшырайды. Гипотиреоздық жемсаудың кейбір белгілері алқым безінің микседема (жалқық домбықба) ауруының түрлеріне ұқсайды. Бірақ бұл ауру денеде йод кемістігіне байланысты емес.
Микседема ауруы. Бұл ауру да алқым безінің (зоб) зақымдану салдарыңан немесе оның бір кемщілітінен болады. Алдымен адамның қабағы, беті ісініп домбығады, ұрты салбырап, еріндері көнтиіп, тілі үлкейін кетеді, дауысы қарлығады, шашы мен касы сирейді. Орталық нерв жүйесі зақымданғандықтан аурудың ақыл-есі кемиді. Мұндай адамның жүргісі кеймей, жата бергісі кеп тұрады. Ауру адамның көбі меңзең болып, ұйқышыл келеді, асқа тәбеті кемін және іші жиі қатады. Баланың бойы шабандап өседі, терісі түлеп, тістері бір қалыпты өспейді. Микседема ауруы ертеде үміт күттірмейтін. Халық ондай ауруларды ақымақ, жынды деп білетін. Соңғы кезде бұл аурудың да емі табылды. Оны кептіріп, ұнтаған қалқан безі немесе одан алынған тиреойдин препаратымен қадағалап емдесе жазылатыны да анықталды.
Микседеманың емі жемсауды хирургиялық жолмен емдей бастағаннан кейін ғана табылды. Өйткені ауырған алқым безді тұтастай алғанда немесе организм қажетін өтеуге шамасы жетпейтін ойын шамалы бөлігін ғана қалдырғанда микседема ауруы шыққанды. Сондықтан заманымызда операциядан кейін микседема ауруы кездеспейді. Қазіргі кезде микседеманың толық жазылатынын дүние жүзілік әдебиет жазып отыр. Гек қалқан без тироксині организм мұқтажын толық өтей алмайтындықтан оны тиреойдин түрінде ауру адамға күнбе-күн беріп тұрған жөн.
Жаңа басталған жемсауды емдеп жазу да, одан алдын ала сақтану да қиын емес. Ол үшін организмге керекті йод тиісті мөлшерінде жеткізіліп тұрса болғаны. Оның мөлшері ілгеріде көрсетілгендей өте аз. Ауру асқынған жағдайда адамды арнаулы ауруханаға салып, емдеген жөн. Қажет болса, өскен бездің бір қатарын хирургиялық әдіспең сылып алады. Бірқатар елде қейбір азық-түліктен, әсіресе теңіз түбінде өсетін өсімдіктен жасалған тағам жемсаудың өсуін тоқтататыны байқалды. Тіпті, ертеде халық медицинасында көптеген теңіз шөбінің күлін шемсауға қарсы пайдаланғаны белгілі. Сөйтіп теңіз шөбін тамаққа қоса пайдалану йодты тұңғыш рет пайдалану боп шықты. Эндемиялық жемсаудан сақтанудың ғылымға сүйенген щаралары тек үстіміздегі ғасырда ғана іске аса бастады. Бұл шаралар қиын емес. Қәдімгі тамаққа салатын тұзға йодтық калийден аздап қосады, яғни 100 кг тұзга 2,5 г йодты калий қосылады. Біздің елімізде отызыншы жылдардан бастап эндемиялық жемсау болатын аймақтарды мекендейтін халықтың асқа пайдаланатын тұздары осы әдіспен уытталып келеді. Бұл туралы арнаулы қаулы да бар. Тазалық дәрігерлері йодтанған тұздардың сапасын және халыққа мезгілінде жеткізілуін қадағалап тұрады.
Эндемиялық жемсауы бар аудандарда бұл аурумен жоспарлы түрде күресетін арнаулы диспансерлер жұмыс істейді. Олар йодтанған тұзды халық тұрмысына кең енгізді және басқа да алдын ала сақтану шараларын кең жүргізу нәтижесінде елімізде жемсау анағұрлым азайды. Жемсауға бейім аудандарда дәрігерлер халыққа антиструмин дәрісін жаппай ішкізіп келеді. Оның құрамында йодты калий мен қант бар. Осы таблетка организмге жетпеген йод кемістігін толық өтеп отырады. Ересек адамдар аптасына осы таблетканың екеуін ішсе, 14 жасқа дейінгі балаларға аптасына бір таблетка беріледі. Йоды бар басқа да дәрілерді дәрігерсіз қабылдауға болмайды. Кейбір аурулар өздігінен йод тұндырмасынан күніне бірнеше тамшы ішеді. Әрине, мұның жарамсыз салдары болуы мүмкін. Сондықтан йодтанған таблетка немесе пилюля түріндегісін пайдаланған дұрыс. Аурудан сақтанудың тағы бір шарты-көпшіліктің және жеке бастың тазалығын сақтай білу, тамақты әр түрлі және құнарлы етіп ішу. Ғылымның зерттеу нәтижесіне қарағанда тіршілікке керекті йодтың 60 проценті организмге өсімдіктен жасалған азықтан, 32 проценті ет пен балықтан, тек 8 проценті су мен ауадан келетіні анықталды. Малдың ет-сүтіне қарағанда йодқа өсімдік тағамдары бай. Сондықтан эндемиялық жемсауы бар аудандардың халқына өсімдік тағамын жиірек пайдалануды қосамыз. Әрине, ет, сүт тағамдарының организм үшін құнды екенін ұмытпаған жөн. Балықта йод көп. Сондықтан жемсауы бар жерде күнделікті тамақта консервы да болуы керек. Мұздатқан балықтар да пайдалы. Тамақ режимін дұрыс сақтамау, гигиеналық тәртіпті бұзу организмнің корғаныш арқауың босатады, сөйтіп йод кемістігін күшейтеді. Оны жадыңыздан шығармаңыз.