03 Желтоқсан, Сейсенбі

Оқушыларға

Күздік бидай






Күздік бидай азық-түліктік маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді: ол күзгі-қысқы және ерте көктемгі ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топырақты эрозиядан қорғайды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз залалданады, астық сұр көбелегінің жарақаттайтын кезеңінен өтіп кетеді, ұйымдастыру-шаруашылық жағынан өте бағалы және анағұрлым өнімді. 2001 жылы Қазақстандағы күздік бидай егістігі 0,57 млн/га, ал астық өнімі 14,1 ц/га болды.

Ұзақ уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облыстарында күздік бидай өсіруге мән берілмей келеді. Себебі бұл аймақтың климат жағдайлары оны өсіруге мүмкіндік бермейді, өсімдіктері нашар қыстайды, маусым айының қуаңшылығына төтеп бере алмайды және төмен өнім береді деп түсіндірілді. Алайда, Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының көп жылдарғы зерттеулері оны аталған аймақта өсірудің мүмкін екендігін, өнімі жаздың бидайдан жоғары екендігін дәлелдеді. Қыстан шығуға қолайлы жылдары күздік бидай 15-20 ц/га өнім бере алады. Күздік бидай Солтүстік Қазақстанда жұмсақ бидай түрінде өсіріледі.

Биологиялық ерекшеліктері

Күздік бидайдың өсіп-дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде, себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен басталып, дәннің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ беті қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жинақталады.

Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйде болады. Күздік бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері көп өсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің құрып кетуіне әкеліп соғады: жасушаларда судың артық мөлшері мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ұлпалар үшін өте қауіпті, ал су жетімсіздігі — протоплазма биоколлоидтарының коагуляциясына ұрындырады да, өсімдіктер құрып кетеді. Өсімдіктердің қыстап шығу кезеңіндегі құрамды қолайсыз жағдайларға төтеп беруі оның қысқа төзімділігі, ал өсімдіктердің төменгі теріс температураға төтеп беруі аязға төзімділігі деп аталады.

Өсімдіктердің үсіп кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді сорттарды пайдалану, фосфор, калий тыңайтқышын енгізу, мерзімінде себу, тұқымды тереңірек сіңіру, ықтырма көмегімен қар тоқтату, т.б. жатады. Күздік бидайды солып қалудан сақтандыру үшін қар қабатын тығыздаған дұрыс, бұл жағдайда топырақ тезірек қатады да, өсімдіктің пластикалық заттары тыныс алуға аз шығындалады: тым ерте жиі себу мен үстеп қоректендіру азоттың артық мөлшерін қолданудан, т.б. сақтану қажет. Түптену түйіндері мен тамырлардың топырақ бетіне шығып қалмауына тұқымды ТУР препаратымен өңдеп тереңірек сіңіру және себу мен себуден кейін топырақты ЗККШ-6А катогымен тығыздау жақсы көмектеседі. А.В.Артюшенко мен О.Г.Артюшенконың пікірінше, Қостанай облысы жағдайында күздік бидайдың жойылып кетуі қыстың қолайсыз жағдайларымен емес, негізінен ерте көктемнен бастап өсімдік ылғалды буландыра бастайды, ал тамыр жүйесі әлі топырақтың тоң қабатында жатады да, ылғалмен қамтамасыз етіп үлгермейді. Соның нәтижесінде өсімдіктер әлсірейді де, түнгі аяздың әсерінен (-12-14°С) опат болады. Сондықтан қар қабатын жасай отырып өсімдіктің ерте көктемде өсуін кешеуілдетудің маңызы зор.

Күздік бидайдың тұқымы, жаздың бидай сияқты, +1-2°С жылылықта өне бастайды, бірақ жаппай өнуі +12-15°С температурада жүреді. Бұл жағдайда егін көгі 6-9 тәулікте пайда болады. Мысалы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының тәжірибелерінде күздік бидай көгі орташа төуліктік ауаның 18,6°С температурасында бес тәулік те, ал 15,9 және 12,8°С болғанда (себу мерзіміне байланысты) тиісінше б.жөне 8 тәулікте пайда болды. Өсімдіктің көктемгі оянуы 3-4°С жылылықта басталады, алайда өсіп-дамуына қолайлы жылылық 12-15°С. Қысқы, көктемгі төменгі температура мен оның күрт өзгеруіне күздік бидай өте сезімтал. Қар қабаты болмағанда түптену түйінінде -16-18°Стемпературада өсімдік опат болады, 20 см қар қабаты -30°С аязға, ал 30-60 см -40°С аязға төтеп береді.

Күздік бидай күзде және көктемде +2-4°С жылылықта түптене бастайды, бірақ қолайлы жылылық +12-14°С. Солтүстік Қазақстан аймагында қолайлы мерзімде себілгенде 9-20 күннен кейін негізгі сабаққа қоса 2-3 қосымша өркендер қалыптастырады және бұл кезең 30-35 күнге созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей, қысқы тыныштық күйге кетеді. Күздік бидайдың түптену қарқыны мен ұзақтығы температураға, топырақтағы ылғал мен қоректік заттар қорына, оттегінің жеңіл енуіне, қыстап шыққан өсімдік күйіне байланысты өзгереді де, орта есеппен 30-35 күнге созылады. Қолайлы температура түптену кезеңінде +15-16°С, масақтануда +18-20°С, гүлдену мен пісіп жетілу кезеңдерінде 20-25°С.

Күздік бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор. Ф.Н. Пруцков пен И.П.Осиповтың (1990) деректері бойынша, себу қарсаңында топырақтың 0-10 см қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм артық болса, онда өсімдіктердің өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңі қолайлы жағдайда өтетіндігінің сенімді көрсеткіші, 10 мм аз болса, егін көгінің пайда болуы жауын-шашынға байланысты, ал 5 мм төмен болса — егін көгінің толықтығы төмендейді де, өсімдіктер дамуының алғашқы кезеңінде-ақ опат болуы ықтимал. Күзгі ылғал жетімсіздігінде қалыптасқан тамыр жүйесі нашар дамиды, көмірсутектері (қанттар) аз жинақталады, егістік нашар қыстап, көктемде әлсіреп шығады, оның үстіне көктемгі ылғал қорын тиімді пайдалана алмайды да нәтижесінде егін өнімі азаяды.

Қалыпты қыстап шығу жағдайында күздік бидай көктемгі тірілу кезеңінен масақтануға дейін барлық қажетті ылғал мөлшерінің 70%, гүлдену балауызданып пісу кезеңінде 20% дейінгі мөлшерін сіңіреді. Бұл дақылға қолайлы топырақ ылғалдылығы 60 см қабатта ТДЫ-тың 70-75%. Күздік бидайдың транспирация коэффициенті -460-500.

Күздік дәнді дақылдардың ішінде бидайдың топыраққа қажетсінуі барынша жоғары. Ол мол өнімді арам-шөптерден таза, құнарлы әрі ылғалды қара топырақтар мен қоңыр топырақтарда қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік бидайға жарамайды. Оған кектемде су жиналып қалмайтын және өсімдіктердің езіліп кетуін болдырмайтын тегіс танаптарды таңдап алған жөн. Солтүстік Қазақстан аймағында күздік бидайдың Мироновская 808, Северная Заря сорттары аудандастырылған.