11 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Сәкен Сейфуллин






«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (Р.О) КММ
5 «Б» сынып оқушысы Қайыржанов Ислам
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Жетписбаев Еркин Рахымбаевич

Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып-өскен жері — Қарағанды облысының Жаңа арқа ауданында туған. Саяси репресияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш класстық қалалық училищеде (1908-1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырған.

Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы Өткен күндер деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары — «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» поветері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.

Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге өзіндік даралық сипаттармен ерекСәкен әдебиет тарихын әріден бастаған. «Ел қазағының арасына жазба әдебиет таратқан Түркістаннан шыққан қожалар. Ол кезде қазақтың арасына кең таралған Қожахмет Иассауидің кітабы. Біздің қазақ ақындары соның сезіне еліктеп кеткен» деген ойды айтып, соңғы кезде араб-парсы, татар, өзбек, орыс сөздерімен қазақ тілін шұбарлап жүргендерге тоқталады. Сәкеннің ез ойы болсын, не хабарлаушының түсінігі болсын, әйтеуір «Қазақ әдебиеті 1900 жылдан бері шыққан. 1905 жылдың жұмыскер қозғалысынан кейін ұлт сезімі туа бастап, қазақ ақындары тіл түзеу деген пікірді жарыққа шығарған. Бірақ сол әдебиеттің азған уақытында бірен-саран елеңін таза қазақ тілімен жазғандар болды. Мәселен, Абай, Абайдың ол әдебиетті туғызған екендігіне дәлел болатын жұмыс емес. Себебі Абай арғы жағында таза қазақ тілімен сез жазушылардың жолын мықтап қалған, басталған жолдың иесі ғана. Абайдың қазақ әдебиетінің ағасы деушілік қате» деген пікір жазылған. Мұны Сәкен айтты ма, жоқ па, бірақ Төңкеріс ұлы Сәбит езіміз білетін Сәбит Мұқанов болса (бұл кезде Сәбең «Еңбекші қазаққа» қатысып, Сәкен үйінде Ғабит екеуі бірге жатып жүрген кезі), онда 1923 ж. «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласында Абайға қырын қарайтыны белгілі болатын. Сондағы ойдың салқыны бар екені даусыз. Мүмкін, ондай пікірден Сәкен де аулақ болмаған шығар, өйткені Абайды қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастырды дегенге дау айтпаса да, қазақ әдебиетінің атасы, негізін салушы дегендерге қосыла қойған кезі шамалы. Оның үстіне Сәкенді 1922-1924 ж. сынаушылардың қай-қайсысы болмасын, әсіресе Темірбай, Сәкеннің таптық позициясын тарихтан хабарсыздар мен байланыстырып, тарихи жетесіздер қатарына қосып жібермекке жан салған болатын. Сондай қаңқу сездерді Сәкеннің «қасарысып, принципшілдікке салынуына» себепші болғанын да естен шығармайық. Мәдени, әсіресе әдеби мұраны игеру саласында жіберген қате-кемшіліктер, артық-кем пікірлер 20-30 жылдарда кімде болса да кеп болғандығын санаттан шығарып тастауға тағы болмайды. Соның ішінде Абай туралы ой-пікірлердің кереғар болғандығы әмбеге аян.шеленеді.

Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына еңбек сіңірді. Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллин атындаға қазақ драма театры бар.Қарағанды облысына қарасты бұрынғы Жарық кенті қазіргі таңда Сәкен Сейфуллин кенті болып аталады.