22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Мәңгілік Ел






Алқаағаш негізгі мектебі
Орындаған: Ермағанбет Зарина
Тексерген: Шайжанов Ринат Майданұлы

«Мәңгілік Ел» ұғымы тәуелсіздік, азат ел деген мағынаны білдіреді. Бұл Мәңгілік Ел идеясы сонау көне түркілерден бастау алып қазіргі уақытта жалғасын тауып келе жатыр.

Мәңгілік Ел идеясы Көне түркілерден Абылайханның қазақ хандығының басын қосып, көптеген қиыншылықтарды басынан кешірген заманнан бастау алады. Керей мен Жәнібек бастап қазақ хандығын құруы да Мәңгілік ел болуымыздың айғағы. Батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай қазақтың жерін қорғаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында аталарымызды айтпағанда Әлия, Мәншүк, Хиуаз Доспанова апаларымыздың да ерлігі Мәңгілік Ел болуымыздың бірден-бір дәлелі болып табылады.

Біздің қазақ елі Мәңгілік ел Идеясының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ол біздің арман мұраттарымыз еді. Тәуелсіздігіміздің арқасында Астана қаламыз тұрғызылды.

Қазіргі уақытта Елордамыз Астанада Елбасы Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен ұлттық рухымызды паш етіп, арман-мақсаттарымызға құлаш жайып тұрған Мәңгілік Ел салтанат қақпасы салынды.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған мол табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның мақсаты дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын, Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда деді Елбасымыз өз Жолдауында. Мәңгілік сөзі ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан өлмейтін асыл қазына.