20 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ұлттық пікірсайыс турнирі өткізілді.


 

Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен және Елбасы Акдемиясының ұйымдастыруымен, 2021 жылдың 17 қазан күні әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында кезекті ұлттық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге 16 қазанда ширек финалға жолдама алған 15 команда қатысты. Олар: №67, 59, 82, 85, 87, 32, 74, 10, 60, 3, 75, 20, 22, 68, 9 және НЗМ мектеп командалары. Сақадай сай келген команда мүшелері ойында аса сабырлылық пен үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. Төрешілердің шешімімен, «Үздік спикер» атанғандар «Фемида» командасының мүшесі Жалғаспаева Нұршат және «Зерде» командасынан Жанболатқызы Ақнұр және №3 гимназия қатысушысы Ракутин Александр.
Қазақ лигасы финалистері №10 мектеп-гимназия командасының мүшелері Шнейдер Виктория, Какенова Жанна. Жеңімпаздар «Фемида» командасы ойыншылары Кенжегүл Марал, Жалғаспаева Нұршат.
Орыс лигасы финалистері №59 мектеп-лицейінінен Акчабаев Асылбек, Ошақпай Әйгерім. Жеңімпаздар №60 мектеп-лицейі ойыншылары Ахметов Анвар мен Мырзаханов Қайсар.
@bilimastana