24 Сәуір, Сәрсенбі

Жаңалықтар

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады

🏆Пандемия жағдайына байланысты олимпиада жеңімпаздарымен жыл сайынғы кездесу онлайн форматта өтті. Дегенмен, Нұр-Сұлтан қаласының оқушыларына Министр медальдарды жеке табыстады. Іс-шара №89 мектеп-лицейінде өтті.

🏆Асхат Аймағамбетов оқушыларға арналған басты зияткерлік сайыста жақсы нәтиже көрсетуге көмектескен педагогтерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ ол дарынды оқушылардың ата-аналарына алғысын айтты. Ресми бөлім мен марапаттау рәсімінен кейін оқушылар министрге өз сұрақтарын қойып, идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды. Бұл іс-шараға өңірлердегі оқушылар да онлайн форматта қатысты.

🏆Естеріңізге сала кетейік, республикалық олимпиада төрт кезең бойынша өтті. Республикалық олимпиаданың мектеп аралық кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысса, қорытынды кезеңде біріншілік үшін 1582 оқушы сайысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 685 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. 122 қатысушы алтын медальға, 214 күміс және 349 қатысушы қола медальға ие болды.

@bilim_jane_gylym