28 Наурыз, Бейсенбі

Жаңалықтар

АҚШ әлемде бірінші болып ғарыштан қонақ үй салып жатыр.


АҚШ Аероғарыш компаниясы The Gateway Foundation ғарыштан қонақ үй салып жатыр 2025 жылы құрылысы басталып, 2027 жылы пайдалануға беріледі.

Бұл қонақ үй шеңбер тәрізді , диаметрі 200 метр. Құрылыс жерде жасалып, ғарышта роботтар көмегімен құрастырылады.

Қонақ үй бір жолда 400 қонақ қабылдай алады. Онда кино зал, ресторан, бар, зерттеу лабораториясы, консерт залы, спорт залы қысқасы жердегі қонақ үйдің ғарыштағы көшірмесі.

Бұл қонақ үйдің құрылысына инвестор болуға және дем алуға тапсырыс қазірдің өзінде қабылдануда.

Әлем бойынша ғарыштағы алғашқы қонақ үй болған соң бағасы да әрине арзан болмайды. Дегенмен компания басшылары бұл қонақ үйге жату құнын “орташа табысты” адамның қалтасы көтере алатын деңгейде қоюға тырысамыз дейді. Яғни 25 – 50 миллион доллар айналасында болады-мыс.

Мамандардың айтуынша болашақта жылына миллиардтаған доллар пайда әкелетін кәсіп болатыны сөзсіз деп болжануда.