25 Сәуір, Бейсенбі

Жаңалықтар

Apple компаниясы 2024 жылы электірлі көлік шығаратыны туралы жариялады


Apple, әлемдегі ең ірі технологиялық компания, 2024 жылы өзін-өзі басқаратын электромобильді шығаруды қолға алуда, 
деп кеше Reuters-ке жобаға жақын бірнеше ақпарат көзі хабарлады.

Reuters таратқан ақпарат көзіне сүйенсек әлемдегі ең ірі технологиялық компания Apple 2024 жылы өзін-өзі басқаратын электромобильді шығаруды қолға алуда.

Компания аккумулятордың жаңа технологиясын қолданады.

Apple компаниясы алғаш рет 2014 жылы Project Titan деп аталатын автомобиль жобасын бастаған болатын. 
Алайда кешікпей компания бұл жобадан бас тартқан болатын.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Tesla-да жұмыс істеген Apple компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Даг Фелд 
компанияға 2018 жылы қайта оралып, жобаны қайтадан бастаған.

Осы уақыттан бастап, Titan жобасы елеулі жетістіктерге жетті деп хабарлайды ақпарат көздері.

Жобаның негізінде батареяның жаңа технологиясы жатыр, ол өте арзан және автомобильдер бұл батареялар арқылы алысырақ жүре алады.

Дегенмен, нөлден электромобильдерді жобалау және жасау көп қаражат пен уақытты қажет етеді. Мұны Илон Масктың Tesla-сы 17 жылдан кейін ғана рентабельді бола бастағанынан көруге болады.

«Apple - әлемдегі осы үлкен жұмысты орындауға қаражат пен ресурстарға ие жалғыз компания» - дейді «Титан» жобасында жұмыс істейтін маман.

Apple компаниясының жасап жатқан аккумуляторлық технологиясы LFP немесе литий темір фосфаты деп аталады, бұл батареяның жаңа буын технологиясы. «iPhone алғаш рет шыққанда қандай болса, аккумулятордың жаңа технологиясы да сондай төңкеріс жасайды», - дейді «Титан» жобасының сарапшысы.