28 Наурыз, Бейсенбі

Жаңалықтар

Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады


Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын сүзгіден өткізу мен сақтаудың ең жақсы технологиясын жасаушыларға 100 миллион доллар төлеуге уәде берді. 
Ол бұл ақпаратты өзінің Twitter парақшасында жариялады.
Алып өндірістер мен өнеркәсіп орындарынан шығатын улы, көміртек газы әлемдегі климат өзгерісіне әсерін тигізуде. Сол себепті үлкен өндірістерден шығатын көміртек газын азайту және сүзгіден өткізу мақсатында өнертапқыштар арасында конкурс жариялады.
«Мен ауадағы көміртек газды сүзгіден өткізудің ең жақсы технологиясына сыйлық ретінде 100 миллион доллар бөлемін», - деп жазды Маск. Сондай-ақ ол келесі аптада ұсыныстың егжей-тегжейін ашуға уәде берді.