29 Наурыз, Жұма

Жаңалықтар

Абу-Даби университетінің стипендиялары


Біріккен Араб Әмірліктерінде оқығысы келетін барлық адамдар үшін бұл керемет мүмкіндік! 
Абу-Даби Университеті шетелдік студенттерге бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша стипендиялық бағдарламаларға өтінімдерді қабылдауды бастады.

Сипаттама

Абу-Даби университеті - эмираттардағы ең ірі университеттердің бірі. 
Оның 50-ден астам магистратура және бакалавриат бағдарламалары бар және әлем бойынша танымал мекемелерде көптеген филиалдары бар. 
Бұл университет сізге халықаралық сапалы білім алуға кепілдік береді.

Жалпы, университет бірнеше грант түрлерін ұсынады:

Х.Х. Шейх Хамдан Бин Зайед атындағы стипендия;
Төраға стипендиясы;
Университет стипендиясы;
Академиялық стипендия;
Атлетикалық стипендия;
Түлектерге арналған стипендия;

Осы бағдарламалардың әрқайсысының талаптары мен шарттары әр түрлі және төлемақыға байланысты жеңілдіктердің түрлері де әр-түрлі. Кейбір бағдарламалар барлық оқу ақысын, медициналық сақтандыру шығындарын жабады, ал басқалары тек ішінара қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Талаптар

Барлық шетелдік студенттер өтініш бере алады.
Барлық үміткерлер күндізгі бөлімге оқуға дайын болуы керек.
Үміткер сау болуы керек.
Үміткердің ағылшын тілін білу сертификаты болуы керек.

Стипендияға өтініш беру процесі

Қажетті құжаттар:

Орта мектеп туралы аттестаттың немесе оған теңестірілген куәліктің сканерленген көшірмесі;
Паспорт өлшеміндегі фотосурет;
Жарамды төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
IELTS Academic немесе IBT TOEFL немесе ITP сертификаты;
Академиялық транскрипттердің сканерленген көшірмесі;
GCSE пәндеріне қатысуға үміткерлер үшін 11 жылдық оқудың дәлелі қажет;
Қайтарылмайтын тіркеу жарнасы (егер сұраған жағдайда).

Өтінім беру мерзімі:

Көктемгі семестр 2021 жылдың 18 ақпанына дейін;
Жазғы семестр 2021 жылдың 17 маусымына дейін.