19 Сәуір, Жұма

Жаңалықтар

Ғалымдар шамамен 300 жыл бұрын қолмен жазылған хатты заманауи технологияның көмегімен хатты ашпай(сыртынан) оқи алды.


Хаттың мазмұнын: 1697 жылы 31 шілдеде Франция Корольдігінің азаматы Жак Сеннак өзінің немере ағасы, Голландияның Гаага қаласында тұратын көпес Пьер Ле Пертке хат жазады. Ол өз хатында Даниэль Ле Пер есімді адамның өлімі туралы куәліктің нотариалды көшірмесін сұраған екен. Хат сол кезде қолданылған арнайы әдіс арқылы бүктеліп, құлыпталды. Конверт шыққанға дейін хат құпия сақталған. Ол хатты ашу үшін жыртылуы керек еді. Егер хат адресатқа жетпей жыртылып тасталса, бұл құпия бұзылған деген сөз. Алғаш рет ғалымдар хаттың мазмұнын тарихи факт ретінде сақтау үшін оны виртуалды түрде ашып, оқи алды. Массачусетс технологиялық институты мен Лондондағы Империал колледжінің ғалымдары хаттың қалай бүктелгенін алдымен 3D сканер арқылы анықтады. Осыдан кейін қағаздың мазмұнын сипаттау үшін компьютерлік томография техникасы мен арнайы компьютерлік алгоритм қолданылды. Яғни, хаттағы жазуды оқу үшін сондағы сияның құрамындағы металл элементтерді КТТ арқылы фотоға түсіріп, фотоны арнай программаның көмегімен оқиды. Басқаша айтқанда, хабарлама компьютер экранында көрсетіледі. Ғалымдар кеше Nature Communications журналында бүктелген хатты қалай ашқанын егжей-тегжейлі сипаттады. Ғалымдар еуропада ғасырлар бұрын жазылып, сақталған 577 хаттар жиынтығынан тұратын коллекцияны әрі қарай да зерттей түсетіндігін де айтып қалды. Бұл дегеніміз басқа да тарихи құнды құжаттарды жаңа технологияны пайдалана отырып оқи аласыз деген сөз.