26 Сәуір, Жұма

Жаңалықтар

«Жасыл мекен» республикалық челленджі өтті.


«...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» дейді халық даналығы. Сондықтан да бұл челлендждің тәрбиелік мәні зор деп білемін. Табиғатты қорғауға, оны аялауға және ең бастысы, сол арқылы жастарды еңбекқорлыққа баулу - бүгінгі челлендждің басты миссиясы. Өз қолымен ағаш отырғызып, маңдай терін төгіп, еңбектенген баланың бұдан кейін бір бұтақты да себепсіз сындырмайтынына сенемін.

Біз өркениетті елміз, экологиялық мәдениет қалыптастыру ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мемлекеттік мәселелердің бірі. Себебі, экономикалық дамудың бәсекесінде экологиялық ахуалдың жай-күйін назардан тыс қалдырып алмау аса маңызды. Табиғатқа қамқорлық таныту, оны аялау қазақ халқының көшпелі мәдениетінде де бар үрдіс болатын.

Бүгінгі челленджге бізбен бірге Экология министрі Зүлфия Болатқызы, Мәжіліс депутаты Олжас Хайроллаұлы да қатысты. Бастамаға қолдау білдіріп, елімізді жасыл мекенге айналдыруға өз үлестерін қосқан барша әріптестеріме және отансүйгіш жас ұрпаққа ризашылығымды білдіремін!

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың парақшасынан алынды