28 Наурыз, Бейсенбі

Жаңалықтар

АҚШ-та өткен робототехникадан әлем чемпионатында оқушыларымыз үш номинацияда жеңіске жетті.


Американың Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында біздің оқушылар бірден үш номинацияда жеңіске жетті. Бұл кейінгі екі жылдағы марапаттар рекорды деуге де болатын, шынымен қуанышқа толы жаңалық. Өзім оқушыларға қоңырау шалып құттықтадым. Робототехника чемпионаты – әлемдегі ең беделді чемпионаттардың бірі. Осы сайыста біздің балалар әлемнің 110 елінен келген 36 мың оқушымен қатар сынға түсіп, бағдарламалау және инженерлік дағдыларын көрсете білді.

Мұның бәрі ерен еңбектің әрі күш-жігердің нәтижесі. Біздің оқушылар ел намысын абыроймен қорғап, командадағы бірлік пен татулық үлгісін көрсете білді! Жеңімпаз оқушылар өз замандастарына үлгі бола алды. Нағыз чемпиондарды қолдап, даярлаған талантты балалардың ұстаздарына, жаттықтырушыларына және ата-аналарына шын жүректен алғыс айтамын.

Оқушыларымызға биік белестер тілеймін!

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың парақшасынан алынды