29 Наурыз, Жұма

Жаңалықтар

Елімізде үздік мұғалімдер үшін арнайы бағдарлама әзірленбек


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үздік мұғалімдер үшін арнайы бағдарлама әзірленетінін айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Министрлік мұғалім жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлейді.

Министрдің айтуынша, мұғалім тапшылығы мен білім беруде үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілген. Нәтижесінде Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында мұғалім жетіспейтіні белгілі болды.

«Бұл өңірлерге жоғары оқу орнын бітірген ең үздік педагогтер тартылады. Оларға арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр», – деді Аймағамбетов.