06 Мамыр, Дүйсенбі

Жаңалықтар

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!


Құрметті Қазақ Елі, баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік деген қадірін сөзбен айтып жеткізгісіз ұлы қасиет!
Тәуелсіздік – ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп қиянатқа қарсы тұрған бабалардың арманы. Отанын, ұлтын сүйетін жастардың басын қатерге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерліктерінің нәтижесі. Еркіндік пен бостандықтың бастауы.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!