20 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

Нұр-сұлтан қаласындағы Экспо паркингінде "Esirtkisiz FEST"жастар фестивалі өтті.


 

✅Нұр-сұлтан қаласындағы Экспо паркингінде "Esirtkisiz FEST"жастар фестивалі өтті.

📌Фестиваль ұйымдастырушылары Қазақстан Жастар Конгресі жанындағы "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қоры.

👨‍💼"Біз студент, сондай - ақ жұмысшы жастардың назарын аудара алдық. Мен мұны маңызды жетістік деп санаймын, өйткені осындай іс-шараларда барлығын біріктіре отырып, белсенді өмір салтын, қолайсыз ортада болып жатқан оқиғаларға күшті балама ретінде ілгерілетеміз. Осындай іс-шараларды барынша көп өткізе отырып, біз жастарды маргиналданудан қорғап, ойын-сауықтың басқа да жолдарын көрсете аламыз! Біз шеңберден тыс қалай ойлауға болатындығын көрсету үшін осындай ерекше форматты таңдадық", - деді "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қорының басшысы Жандос Ақтаев.

✔Фестиваль бағдарламасында - кинологтардың шоулары, тимбилдинг, фестиваль қонақтары арасында би батлдары бойынша конкурстар және "#Esirtkisiz" челленджі, сондай-ақ танымал көшелік рок және поп орындаушылардың қатысуымен концерт өтті.

📍Фестиваль "Nur Otan" партиясының "Бірлік" филиалымен, Нұр-сұлтан қаласының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі басқармасымен, сондай-ақ Тұран-Астана университетінің қолдауымен, бас демеушілер SF, Turan Water, "Жара", "Романовский продукт", "Nomad Wearing"жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің қолдауымен өтті.

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ КОНГРЕСІ @jascongress