19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

«Qabilet» - оқушылардың кәсіби бағдары мен қабілетін анықтау қызметі.


Мектеп қабырғасынан бастап бейімін анықтап, болашақ мамандығы жайлы тереңірек білу әрбір жан үшін өте маңызды. Бұған қоса, оқушының өз білімін уақытылы тексеру де үлкен маңызға ие.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Елбасы Академиясы «Qabilet» қызметінің арқасында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 10-11 жастағы оқушылардың кәсіби бағдары мен қабілетін диагностикалауға мүмкіндік бар.

Қызметті үйден отырып-ақ онлайн режимде алуға немесе қабілетті офлайн түрде «Дарын» өңірлік орталығында анықтауға болады.

Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz сайтына тіркелу қажет. Тіркелуге ЖСН және сайтта тіркелгенін растауға қажетті телефон керек.

Қазіргі таңда республика бойынша 18 мыңнан астам бала тестілеуден өтті.

Nursultan Nazarbaev Qory