20 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

20 күнде 75 мыңға жуық өтініш түсті


20 күннің ішінде 1 сыныпқа қабылдау үшін 75 мыңға жуық өтініш түсті

📄Алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде 75 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

📄Өтініштерді қабылдау электрондық форматта egov.kz арқылы жүргізіледі.

📄Мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
🔻баланың туу туралы куәлігі;
🔻баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (№026/у-3 нысаны бойынша бала денсаулығы паспорты, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
🔻3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.

‼️«Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін тапсыра алады.
 

@edunews