17 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

Грантқа түсу үшін өткізілетін ҰБТ 15-сәуірде басталады!


Құрметті оқушылар, ата-аналар және оқырмандар! ҰБТ-ға дайындықты күшейтіп, өз нәтижеңізді дәлелдейтін уақыт келді!

❇️ Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өткізілетін ҰБТ 15 сәуір-30 маусым аралығында өтеді. Өздеріңіз білетіндей, тестілеу алғаш рет электрондық форматта болады. ҰБТ-ға өтінішті http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады.⠀

❇️ ҰБТ электрондық форматта "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде бір камера орнатылады. Бұдан басқа аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералар, бейнебақылаудың заманауи жүйесі болады. Және ҰБТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады.

❇️ ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің тыйым салынған (смартфон, шпаргалка және т.б.) заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады. Ережелердің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды. Ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды.⠀

❇️ ҰБТ процесін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.

❗️Ақпарат ҰТО парақшасынан алынды.