25 Сәуір, Бейсенбі

Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түсті


Бірінші сыныпқа қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түсті

✏️1 сәуірде алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түскен.

✏️ Өтініштерді қабылдау электронды форматта egov.kz арқылы жүргізіледі және 1 тамызға дейін жалғасады.

✏️ Мектепке түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

🔻ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

🔻баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

🔻баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (бала денсаулығы паспорты, 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);

🔻 3х4 көлеміндегі 2 фото.

✏️ 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан астам бала қабылдау жоспарланып отыр.

БҒМ @edunews