20 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

2019-2020 жылдары 126 жекеменшік мектеп ашылды


Соңғы екі жылда жекеменшік мектептердің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Барлық білім беру ұйымдары мемлекеттік білім беру тапсырысын алады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.
«2019-2020 жылдары 40 мыңнан астам оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды. Белсенді құрылысқа меншік нысанына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды және мемлекеттік қолдау құралдарын енгізу ықпал етті. Мектептердің құрылысы есебінен оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады», - деп атап өтті Бибігүл Асылова.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа қатысты консультацияны бағдарлама операторы «Қаржы орталығы» АҚ береді.